Куәлік

Өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру: жаңа норма түсіндірілді

2866
(Жаңартылды 14:04 30.12.2019)
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, келесі жылдан бастап қоғам үшін аса маңызды норма қолданысқа енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда қылмыстық заңнаманы жетілдіру аясында көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінгі жаза сау жүргізушіге де, мас жүргізушіге де бірдей. Келесі жылдан бастап осы норма өзгереді.

"Мәселен, қазіргі жол жүру ережелері бойынша мас күйінде ұсталған жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан екі жылға айырып, 40 күнге дейін қамауға алса, жаңа норма бойынша ондай адамдар бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Оған қоса, он жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру қарастырылған", - деді Ахметжанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Ал көлік жүргізушісі мас күйінде біреуді мерт қылса, 7-10 жылға түрмеге қамалады. Ондай адамдар өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылады.

"Сосын, көлік жүргізу құқығынан айырылған адам рөлде мас кезінде ұсталса да, өмір бойына көлік құжатынан айырылады. Бұдан бөлек, мас жүргізушіні 30 күнге дейін қамауға рұқсат етіледі", - деп атап көрсетті Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті заңға қол қойған болатын.

2866
Кілт сөздер:
адам құқығы, жүргізуші, көлік
Тақырып бойынша
Көлгінов кептелістен құтылудың ерекше әдісін ойлап тапты
Самара – Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысты – жантүршігерлік суреттер
Бір уақытта 69 автокөлік соқтығысты: оқиға орнынан видео жарияланды
Мамин ауа райының бұзылуына байланысты тапсырма берді
Түркістанның екі тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Загрузка...