Алматы түбінде ұшақ құлады

Bek Air-дің аман қалған жолаушысы ұшақта не болғанын айтып берді

3169
(Жаңартылды 10:09 31.12.2019)
17 жастағы Зухра Айболатованың айтуынша, ұшақ құлаған кезде және одан кейін әуе кемесінің ішінде болған жағдайды сөзбен айтып жеткізу қиын

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Алматы түбінде апатқа ұшыраған Bek Air ұшағында Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы Құрық ауылының 17 жастағы тұрғыны Зухра Айболатова да болды. Қыз апат болған сәтте қандай эмоцияны бастан кешкенін Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды инАктау.  

Зухра Алматы академиясында оқиды. Ол Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтандағы екі әпкесінің үйіне қонаққа баруды ұйғарған.

"Басында бәрі жақсы болды. Бәріміз ұшаққа отырдық, жақын арада жақындарымызды көретінімізге қатты қуандық. Ұшар алдында әкеме қоңырау шалып, жағдайым жақсы екенін айттым. Әкем рейс алдындағы түнде қатты уайымдады, өйткені ұшаққа өмірімде алғаш рет отырдым. Ұшақ қозғалғаннан кейін дірілдей бастады. Алдымен ешкім ештеңе түсінбеді, ұшақ екі рет төмен түсті, содан кейін көтеріліп, құлады", - деп жазды студент.

Оның айтуынша, ұшақ құлаған кезде және одан кейін әуе кемесінің ішінде не болғанын сөзбен айтып жеткізу қиын.

"Осы 10-15 секунд ішінде менің бүкіл өмірім көз алдымнан өте шықты. Қазір ғана бәрі күліп, сөйлесіп жатқан еді – лезде айғай-шуға айналып кетті. Қасымдағы адамдар жылап жатыр, көбісі жарақат алған, айналада ұшақтың сынықтары мен заттар шашылып жатты. Ата-аналар алаңдап, балаларын шақырды, не істеу керектігін ешкім білмеді. Есімді жиғанымда үйіндінің астында қалғанымды түсіндім. Одан шығып, қасымда ер адамның жатқанын көрдім. Оның аяғы сынып кетіпті, сүйектері шығып тұрды. Жедел жәрдем келгенге дейін оған көмектесе тұрайын деп ойладым. Шамамен 40 минут қасында болдым, содан кейін ол маған өзіңді құтқар деді", - деп еске алды қыз.

Апаттан кейін Зухра ауруханаға жеткізілді. Оған табаны жарылған деген диагноз қойылыпты, өміріне еш қауіп жоқ.

"Аман екенімді айтайын десем, неліктен екенін білмеймін, ата-анамның нөмірін есіме түсіре алмадым. Сондықтан әлеуметтік желі арқылы құрбыма жағдайым жақсы екенін айт деп хат жаздым. Ата-анам білгенде есеңгіреп қалды, олар мені қатты уайымдапты", - дейді қыз.

Адамдардың өмірін қиған трагедия Зухраның жан дүниесінде із қалдырды.

"Осы оқиғадан кейін ұшуға іштей қорқыныш пайда болды, оның үстіне бұл алғаш рет ұшуым еді, осылай болды. Бір-екі күнде мені ауруханадан шығарады. Каникулды Маңғыстауда ата-анаммен өткіземін деп отырмын. Әуе апатына қарамастан үйге ұшақпен бармақшымын" - деді қыз.

Зардап шегушінің үлкен әпкесі Гүлдана Елсанова "Ладаға" Зухрамен бірге ауруханада жатқанын айтты.

Алматыдағы трагедия

Ұшақ апаты 27 желтоқсан таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Тағы оқыңыз: Ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына өтемақы қалай төленеді 

Қазір 46 пациент ауруханада, оның тоғызы – бала. Денсаулық сақтау минстрлігі балалардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Тоғыз адамның жағдайы әлі ауыр.

Ішкі істер министрлігі әуе апатына себеп болған үш жағдайды атады. Олар: экипаж қателігі, техникалық ақау және навигациялық қызмет жұмысы.

Ұшақтың қара жәшігі Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комитетіне тапсырылды. Тергеудің алдын ала қорытындысы 10 қаңтарға дейін жарияланбақ.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

3169
Кілт сөздер:
Алматы, ұшақ апаты
Тақырып бойынша
Вице-премьер Bek Air ұшағымен талай рет ұшқанын айтты
Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасы 13 млн теңгеден алады
Тоқаев ұшақ апатынан кейін көмекке келген ауыл халқына алғыс айтты
Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына барды
Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты
Құрылыс салынбағанда, бәрі аман қалушы еді –" Бек Эйр" ұшақ апаты туралы
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

939
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

939
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1867
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1867
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

489
(Жаңартылды 14:44 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы пен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

489
Кілт сөздер:
қақтығыс