Қоғам

Нұр-Сұлтаннан шығатын барлық жол ашық

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобили на дороге Нур-Султана
Автомобили на дороге Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет 3 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, солтүстікте қар жауады деп болжаған еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Елордадан шығатын барлық тасжол ашылды, деп хабаролайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімдік сайтының ақпараты бойынша бүгін сағат 12:00-ден бастап "Нұр-Сұлтан – Павлодар" тасжолы ашылды. Ал iKomek қызметінің операторлары барлық жолдың ашық екенін хабарлады.

"Қазіргі кезде барлық бағытта жол ашық. Тасжолдардың қайта жабылатыны туралы хабар түскен жоқ", - деді операторлар.

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидромет 3 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, солтүстікте негізінен қар жауады деген болжам жасаған.

Дабылды ескерту                                                

3 қаңтарда Ақмола облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Көкшетауда бұрқасындатып, көктайғақ болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды 

Нұр-Сұлтанда да қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады.  Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады.

Түркістан облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман түседі деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ пен тұман сақталады. Ақтөбе қаласында таңертең тұман түседі.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

  • Нұр-Сұлтанда қар жауады, күндіз ауа температурасы -1, түнде -4.
  • Алматыда күннің екінші жартысында күн бұлтты, күндіз +3, түнде -6.
  • Шымкентте де күн бұлтты, күндіз +6, түнде -1.

Өңірлердегі ауа райы

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының кейбір аймағында бұрқасын, тұман болады, жел соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында – тұман, көктайғақ.

Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді.

Жаңалықтар
0