Ақша, архивтегі фото

Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?

1637
Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 800-ден астам адам жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тәуелсіз директорлары тоқсан сайын жалақы алады. Бұл туралы қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұған дейін қордың тәуелсіз директорларын қаржыландыру 450 миллион теңгеден жоғары деген ақпарат тараған болатын. Жоқ, ол ақпарат дұрыс емес. Директорлар кеңесіне жеті адам кіреді. Үшеуі – тәуелсіз директолар, қалғаны – мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар. Олардың ішінде мен де бармын. Бізге кеңеске кіргені үшін айлық берілмейді. Ал тәуелсіз директорлар тоқсан сайын жалақы алады. Олардың үш айлық жалақысы 650 мың теңгені құрайды", - деді Жұмағұлов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жылы директорлар кеңесіне бөлінген жалпы қаржының көлемі 6 миллион теңгеден сәл жоғары болған. Басқарма төрағасы өз жалақысын ашық айтқан жоқ. Бірақ салыстырмалы түрде көп емес екенін жеткізді.

"Енді, нақты менің жалақым бойынша салыстырмалы түрде айтайын. Менің қазіргі жалақым банкте істеген кездегі жалақымнан екі есе аз. Сондықтан кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жүрген жалақыға да сәйкес келмейді. Ал ауыртпалық жағынан бірнеше есеге көп", - деп атап көрсетті Жұмағұлов.

Оның айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы саны 800 адамнан асады. Олардың ішінде жергілікті филиалдар да бар. Орташа жалақы 200-250 мың теңгені құрайды.  

Айта кетейік, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылды. Оған сәйкес, жұмыс берушілердің жарналары артады. Ал жеке тұлғалар төлем жасауды бастайды.

Медициналық сақтандырудың 2020 жылдағы негізгі талаптары:

  • Жұмыс берушілердің жарнасы 2%-ке (әрбір жұмысшыға табысына қарай) өсті;
  • Жұмыскерлер жалақысынан  1% медициналық қорға аударады;
  • Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар жарна аударуды бастайды; 
  • Санатқа жатпайтын тұлғалар бір ең төменгі жалақының 5% төлейді;
  • Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіппен айналысатындар 1,4 ең төменгі жалақының 5% төлейді;
  • Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс тауып жүрген азаматтар алдымен 1% төлейді. Ал 2021 жылдан бастап 2% көлемінде жарна аударады.

Тегін медициналық көмек түрлері қала береді. Соның ішінде жедел жәрдем, санитарлық авиация және тағы басқа қызметтер бар. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында қымбат қызметтер қолжетімді болады.

1637
Кілт сөздер:
жалақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді
Денсаулық сақтау министрі: халық дәріні өз ақшасына алмайтын болады
2020 жылы кімдер үшін жәрдемақы мен әлеуметтік төлем көбейеді
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

110
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

110
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1020
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1020
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы