Ақша

Көпбалалы отбасылар жаңа жәрдемақы ала бастады

2058
(Жаңартылды 13:54 08.01.2020)
Министр Нұрымбетовтың айтуынша, жаңа жәрдемақының басты ерекшелігі - оның табысына қарамастан төленуі

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа жәрдемақы төлене бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биылғы негізгі өзгерістердің бірі - көпбалалы жанұяларға бөлек жәрдемақы енгізілуі. Себебі біздің атаулы әлеуметтік көмекті алып жүрген отбасылардың басым бөлігі – көпбалалы жанұялар. Сондықтан олар үшін атаулы әлеуметтік көмектің бір бөлігін бөлек жәрдемақы ретінде шығарғанды жөн көрдік", - деді Нұрымбетов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жаңа жәрдемақының басты ерекшелігі сол, ол табысына қарамастан төленеді. Жәрдемақы бала санына қарай ай сайын беріледі. Биыл осы жәрдемақыға республикалық бюджеттен 177 миллиард теңге қарастырылған.

"Қаңтар айында 367 мың көпбалалы жанұяға осы жәрдемақы тағайындалып, қазіргі кезде ол кісілер өздерінің есепшоттарына жәрдемақыны алып жатыр", - деп атап көрсетті Біржан Нұрымбетов.

Жаңа жәрдемақыны төлеу тәртібі:

  • 4 балаға - 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Ахметовке көпбалалы отбасыларға қатысты тапсырма берді

2058
Кілт сөздер:
Қазақстан, жәрдемақы, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады
2020 жылы жәрдемақы қанша болады
Жаңа жәрдемақы: көпбалалы отбасыларға 17 млрд теңге төленеді
Елордада атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш қабылдана бастады
Елордада 15 мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақыға ие болды
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

953
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

953
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте 64 адам коронавирус жұқтырды

1894
(Жаңартылды 10:42 27.09.2020)
Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 10
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 4
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 2
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 17
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 4
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы, пандемия басталғалы бері  ел бойынша ауырғандар саны 107 723 адамға жетті.

Өткен тәулікте 136 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 102 666.

1894
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

614
(Жаңартылды 15:33 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

614
Кілт сөздер:
қақтығыс