Сыртқы істер министрлігі

Тасмағамбетовтің бұрынғы орны бос тұр - министрлік түсініктеме берді

1526
Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына жетуіне байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметінен босатылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресейдегі елшісін тағайындау жұмысын бастады. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Тәртіп бойынша сыртқы істер министрлігі президенттің қарауына өтінім енгізеді. Ал мемлекет басшысы елшіні тағайындайды. Одан кейін арнайы құжат Ресейге жіберіледі. Сол жақтан қолдау болса, елші тағайындалады. Қазіргі кезде бұл процесс басталып кетті", - дейді Смадияров.

Оның айтуынша, дипломаттарды тағайындау мерзіміне қатысты нақты талап жоқ. Елшінің орны бірнеше ай бос тұруы мүмкін. Алайда Смадияров Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне кімнің кандидатурасы қаралып жатқанын айтқан жоқ.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов қызметінен өз еркімен кетті - министрлік

Айта кетейік, өткен жылы 18 желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасқа жетуіне байланысты Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі қызметінен босатылған болатын. Ол 2017 жылдың ақпан айынан бастап осы қызметті атқарды. 

1526
Кілт сөздер:
түсініктеме, елші, Ресей, министрлік, Иманғали Тасмағамбетов
Тақырып бойынша
Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовті зейнетке жіберді
Димаш Құдайбергенге ерекше ұсыныс жасалды
Тасмағамбетовтің інісі жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның Ресейдегі елшісі міндетін кім атқаратыны белгілі болды
Иманғали Тасмағамбетовтің анасы өмірден озды
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

236
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

236
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

116
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

116
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы