Қоғам

Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды

© Sputnik / Абзал Калиев Abzal KALIYEVАбай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір республикада ұлы ақынның 17674 аттасы бар, Абай есімді қазақстандықтардың дені Түркістан облысында тұрады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы болып жазылған 31 адам тұрады.

Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің Sputnik Қазақстан сауалына берген ресми жауабында айтылған.

Абайлар көп, Құнанбайлар аз

Қазір Қазақстанда аты мен тегі Абай Құнанбайұлы болып жазылған үш адам бар. Олар – Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында.

Ал құжатында аты мен әкесінің аты Абай Құнанбайұлы деп көрсетілген қазақстандықтар саны – 28.

Ең көп Түркістан облысында – он адам тұрады. Одан кейін:

  • Алматы облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3
  • Шымкент – 3
  • Ақтөбе облысы – 2
  • Алматы – 2
  • Павлодар облысы – 2
  • Ақмола облысы – 1
  • Қарағанды облысы – 1
  • Қызылорда облысы – 1

Сондай-ақ, республикада ұлы ақынның 17674 аттасы бар. Абай есімді қазақстандықтардың дені – 2100 – Түркістан облысында тұрады екен. Алматы облысында 2062, ал Нұр-Сұлтан қаласында 1610 Абай бар.

Абайдың әкесі Құнанбайдың есімін алған отандастарымыздың саны әлдеқайда аз болып шықты. Небәрі – 170 адам. Өңірлер арасында тағы да Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта 61 адамның жеке куәлігінде есімі Құнанбай болып жазылған.

Тағы оқыңыз: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы қызықты деректер

Ғұлама ойшылдың әжесі Зеренің есімі де елімізде танымал болып шықты. Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, бүгінде республикада 12393 Зере бар. Ең көбі – Алматы облысында (1811), Алматы қаласында (1495) және Нұр-Сұлтанда (1364).

Ал Құнанбайдың екінші әйелі, Абайдың анасы Ұлжан есімін 8807 нәзік жан алған. Басым бөлігі – 2069 –  Түркістан облысында тұрады.

Абайдың үш әйелі

Ақынның Ділдә, Әйгерім және Еркежан деген үш жары болғанын білесіздер. Қазақстандықтар арасында Еркежан есімі ең кең таралған.

Бірінші әйелі Ділдәнің 504 аттасы бар. Өңірлер арасында үздік үштікке Қарағанды облысы (120), Шығыс Қазақстан (88) және Алматы облыстары (57) кірген.

Абай Құнанбайұлы отбасымен
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды - Sputnik Қазақстан
Абай Құнанбайұлы отбасымен

Абайдың екінші жары – Әйгерім (шын есімі – Шүкіман). Әйгерім есімді нәзік жандар елімізде аз емес екен – 11146.

  • Түркістан облысында – 1380
  • Алматы облысында – 1223
  • Қызылорда облысында – 1148.

Ұлы ақынның үшінші жары – Еркежан. Қазір республикада Еркежан есімді 12544 адам бар. Олардың 3198-і Шығыс Қазақстан облысында тұрады екен. 2125-і – Алматы облысында, 1157-сі – Алматы қаласында.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда Абайдың 175 жылдығы аталып өтеді. Мерейтойға орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.

Абайдың 175 жылдығы құрметіне Семей қаласы ерекше мәртебеге ие болады. Ел президенті жуырда үкіметке тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар, ақын туралы телесериал және бірнеше деректі фильм түсіру жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0