сержант Дархан Базарбаев

Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған полицейді марапаттады

205
(Жаңартылды 13:13 20.01.2020)
Дархан Базарбаев отбасын жанжал шығарған отағасынан құтқарып қаламын деп өзі көз жұмды, күдікті ұсталып, тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған полицей Дархан Базарбаевты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады.

"Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", - деп жазылған Ақорданың сайтында.

Полицейдің қазасы

Полицей Дархан Базарбаев Қостанай облысының Тобыл қаласында қаза болды. Отбасында жанжал шығып, патрульдік полиция экипажы шақырылған. Базарбаев ер адамды ұстау кезінде жүрек тұсынан пышақ жарақатын алды.

Ер адамның артында төрт айлық баласы қалды.

Күдікті ұсталды, қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол полицейді қызметтік борышын атқару кезінде өлтіргені үшін 15-тен 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Сәбиді құтқарған полицей оқиғаның мән-жайын айтты - видео

205
Кілт сөздер:
полицей, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Отбасымен бірге мешітте тұруға мәжбүр болған полицей баспаналы болды – фото
Оқ жаудырған: Алматы облысында қылмысы әшкере болған 3 полицей қашып кетті
Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті – олар қандай қылмыс жасады
Абай ауылында жігітті үш жыл бойы зорлап келген экс-полицей ұсталды
Алматыдағы сел қаупі: 400-ден астам полицей дабылмен көтерілді
Загрузка...