Депутат белгісі

Бұрынғы мәжіліс депутаты өмірден озды

8696
(Жаңартылды 11:50 21.01.2020)
Төртінші және бесінші шақырылымда сайланған парламент мәжілісінің депутаты болған Қамал Бұрханов көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар — Sputnik. Бұрынғы мәжіліс депутаты Қамал Бұрханов өмірден озды. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы жазды. 

"Жалған өмір-ай. Ұстазым, досым, әріптесім Қамал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем колдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай, Қамал аға!", - деп жазды ол. 

Қамал Бұрхановтың өмірлік жолы

Қамал Бұрханов 1954 жылы 31 наурызда Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметік университетін бітірген. Саяси ғылымдарының докторы, профессор.
Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің ғылым қызметкері, С.М. Киров атындағы ҚазМУ аға лаборант, ассистент, аға оқытушы, доцент, декан орынбасары, профессор, оқу жұмысы жайындағы декан орынбасары, Тарих факультеті Саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазМУ деканы болды. 
Бурханов Камал
Бұрынғы мәжіліс депутаты Қамал Бұрханов
2004-2006 жылдар аралығында президент әкімшілігінің бас сарапшысы қызметін атқарды. 2007 - 2016 жылдары төртінші және бесінші сайланған парламент мәжілісінің депутаты болды.
8696
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1099
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1099
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

136
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

136
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы