Нәресте, архивтегі сурет

Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті: оқиғаның мән-жайы

510
(Жаңартылды 10:50 22.01.2020)
Қайғыдан қан жұтқан отбасы баланың өлімін сары ауруға қарсы салынатын екпеден көріп отыр. Олар дәрігерлерді сотқа бермек

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар— Sputnik. Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті. Салмағы төрт келіден асып туған шақалақ алғашында аман-есен үйіне шығарылған. Алайда денесі сарғайып, құса берген соң анасы жедел жәрдеммен сәбиді перинаталды орталыққа жеткізді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ол отбасындағы екінші бала болатын. Ата-анасы екінші сәбиін 10 жыл күткен. 9 қаңтар күні туған сәби осыдан төрт күн бұрын Алматыдағы перинаталды орталыққа жеткізілген. Алайда әкесі дәрігерлер баланың құжаты жоқ екенін айтып, бір жарым сағат бойы дәлізде күттіріп қойғанын айтады.

"№3 перзентханадағы перинаталды орталыққа әкелді. Біз баланың құжаттарын үйде ұмытып кетіппіз. Сондықтан мен оларды әкелгенше, бізді қабылдамады. Әйелім баланы ұстап дәлізде отырды. Тек сосын ғана ұлымды палатаға жатқызды. Бала ол кезде тоқтаусыз құсып жатқан", - дейді баланың әкесі Илья Рогозин.

Дәрігерлер шақалақтың "биллирубині көп, денесі сарғайған" деген диагноз қойған. Оны бірден жасанды тыныс алу аппаратына қосты. Бірақ дәрігерлер сәбиді ажал аузынан алып қала алмады.

Тағы оқыңыз: Туысы бетінен сүйген соң жаңа туған сәби шетінеп кетті

Қан жұтқан отбасы баласының өлімін сары ауруға қарсы салынатын екпеден көріп отыр.

"Баланың нақты неден көз жұмғаны гистологиялық зерттеу қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады. Бірақ екпеден көз жұмды дегенге келіспейміз. Он күн ішінде комиссияның қорытындысын алып, құзырлы органдарға тапсырамыз. Перзентханадағы бала өлімі қала басшысының қатаң бақылауында", - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева.

510
Кілт сөздер:
перинаталдық орталық, оқиға, нәресте, Алматы
Архивтегі фото

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны кімдер салдырды?

96
COVID-19 індетіне қарсы қазақстандық вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырған ғалымдар жұмысын жалғастырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші жеті ғалым вируспен жұмыс істеген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцинаны ерікті түрде өздеріне салдырды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.  

Вакцина БҒМ ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленді.

"Ғалымдардың жағдайы жақсы, олар өз жұмысын жалғастырып жатыр", – деп мәлімдеді институт директоры Күнсұлу Зәкәрия.

Вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу нәтижелері дәрілік заттарды сараптау жөніндегі Ұлттық орталыққа сараптамалық жұмыстар жүргізу үшін жіберілді.

Қазақстандық вакцина адамдарға қашан сыналады

Сараптамалық жұмыстар шамамен тамыздың ортасында аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алғаннан кейін қыркүйек айында Алматы қаласындағы клиника базасында коронавирусқа антидене анықталмаған 18 жастан 50 жасқа дейінгі 44 еріктінің қатысуымен клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі басталады деп жоспарланып отыр.

Вакцина салғаннан кейін олар 42 күн бойы бақылауда болады. Қазан айының ортасында клиникалық сынақтардың екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, ол 2020 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Кандидаттық вакциналардың клиникалық сынақтары оң нәтиже берген жағдайда Жамбыл облысы Отар кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан салынып жатқан биофармацевтикалық зауыт базасында қазақстандық вакциналар өндірілетін болады.

Зауыт халықаралық стандартқа сай иммунобиологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар клиникаға дейінгі сынақтарымен айналысып жатқан COVID-19-ға қарсы вакциналарды шығарады.

Еске сала кетейік, қазақстандық ғылыми-зерттеу институтының коронавирус инфекциясына қарсы екі кандидаттық вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізіліп, клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтіп жатыр. COVID-19-ға қарсы екінші вакцина ДДСҰ сайтында 31 шілдеде кандидат ретінде тіркелген.

96
Кілт сөздер:
коронавирус, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынды
Архивтегі фото

Қазақстанда Өзбекстаннан қара өрік алып келуге тыйым салынды

1472
(Жаңартылды 10:45 08.08.2020)
Бір аптаның ішінде өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, қара өріктен үш рет Шығыс көбелегі, бір рет Комсток құрттары табылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК мемлекеттік инспекция комитеті Өзбекстан аумағынан қара өрік әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитарлық шаралар енгізді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.  

Мұндай шешімге Өзбекстаннан келген қара өрік жемісінен карантиндік объектілердің жиі анықталуы себеп болды.

Сливы, иллюстративное фото
© Sputnik / Томас Тхайцук
Қара өрік

2020 жылдың 24 шілдесінен 1 тамызына дейін өсімдіктер карантині саласындағы заңнама 18 рет бұзылған, оның ішінде 3 жағдайда жемістерде Шығыс көбелегі (Grapholitha tolesta Busck), бір жағдайда Комсток құрттары (Pseudoccus comstocki (Kuwana) табылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды 

Шектеу шаралары Қазақстан аумағында қолайлы фитосанитариялық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында енгізілді.

Шығыс жемісі қауіпті карантиндік зиянкес саналады. Шабдалы, өрік, алма, нектарин, қара өрік, айва, алмұрт, шие, лавр,  бадамның өсінділері мен жемістеріне 90% дейін зиян келтіруі мүмкін.

Кеміргіш құрт бұтақты кептіріп, жапырақтарды, өсімдік жемістерін сарғайтып жібереді. Жемістің сапасы нашарлай түседі.  

1472
Кілт сөздер:
Өзбекстан, жеміс-жидек
Тақырып бойынша
Коронавирус тамақ арқылы қалай жұғуы мүмкін - маман жауабы
Өмірді ұзартып, қартаюды баяулатады – ғалымдар ерекше жемісті атады
Дәрігерлер мандаринді қай уақытта жеуге болмайтынын айтты
Нұр-Сұлтанда тонналаған түрік анары өртелді
Қандай тағамдар өте қауіпті екені анықталды