Ақша, архивтегі сурет

"Ақылға сыймайды": депутат кейбір қызметкерлердің жалақысын көтеруді сұрады

3052
(Жаңартылды 17:49 22.01.2020)
Мәжілісмен пошташылардың жетіспеуінен шалғайдағы ауылдарға газет-журналдар екі аптадай кешігіп келетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. "Қазпошта" АҚ пошташыларының айлығы елдегі ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге де жетпейді. Мәжіліс депутаттары пошта таситындардың жалақысын көтеруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазпошта" АҚ қызмет көрсетудің көптеген түрлерін жүзеге асырады. Қаржылық операциялар, тауарлар тасымалы, төлемдер, банктік қызметтің кейбір түрлері және тағы басқа қызметтерді жүзеге асыратын бұл ұйым табыстан, әрине, кенде емес. Міне, осылай бола тұра, пошташылардың жалақысы өте төмен деңгейде қалып қойғаны ақылға сыймайды", - деді Шаймардан Нұрымов өз депутаттық сауалында.

Айтуынша, Алматы облысына сапар аясында елдімекен тұрғындары пошташылардың жетіспеуінен хат немесе газет-журналдар екі аптадай кешігіп жететінін айтып шағымданған.

"Ауылдарда интернеттің жоқтығы немесе жылдамдығының төмен болуынан тұрғындар үшін баспа өнімдері ерекше маңызды орын алады. Бұл жерде негізгі мәселелердің бірі пошташылардың жалақысының төмендігі болып отыр. Тұрғындардың айтуынша, 12 мың мен 25 мың теңге аралығындағы жалақы қолданыстағы заңнамада бекітілген ең төменгі жалақы 42 500 теңге көлеміне сәйкес келмейді", -деді мәжілісмен.

Тағы оқыңыз: Жалақы дұрыс төленбеген: қазақстандықтарға 119 миллион теңге қайтарылды

Депутаттың сөзіне сенсек,  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында пошта таситындардың айлығы – 15 мың мен 28 мың теңге аралығында, Панфилов ауданында – 18-20 мың теңге, ал Ұйғыр ауданында 12-15 мың теңге арасында.

"Оның үстіне қазіргі кезде пошташылар ешқандай көлікпен қамтамасыз етілмейді. Қазпошта қандай заңнаманың негізінде пошташыларға осындай жалақы тағайындаған? Мұндай жұмыскерлердің жалақысын ұлғайту үшін қандай шаралар қарастырылып жатыр деген сұрақ туындайды", - деді Нұрымов.

Депутат бұл мәселені әріптестері бұрын да көтергенін еске салды. Бірақ жағдай өзгермеген.

3052
Кілт сөздер:
ақша, жалақы, депутат
Тақырып бойынша
Антарктидада жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды
Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді
Елімізде 2020 жылы ең төменгі жалақы мөлшері қанша болады
Медициналық сақтандыру қорының басшылығы қанша жалақы алады?
Жалақы 50 процентке дейін өседі: Үкімет бірқатар шараны қолға алмақ
Загрузка...