Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева сенат отырысын маңызды мәлімдемемен ашты

17026
(Жаңартылды 13:21 23.01.2020)
Назарбаева жыл басында депутаттар өңірлерде сапар шегіп, халықтың жағдайын, заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу деңгейін көріп, жергілікті өкілді органдардың қызметімен танысқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева жоғары палатаның 2020 жылдағы алғашқы отырысында бірқатар маңызды ұсыныс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаева жыл басында депутаттар өңірлерде сапар шегіп, халықтың жағдайын, заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу деңгейін көріп, жергілікті өкілді органдардың қызметімен танысқанын атап өтті. 

"Еліміздің түпкір-түпкірінде қазақстандықтарды алаңдатып отырған жергілікті жерлердегі шешімі табылмаған мәселелерді көзбе-көз көріп, шешімін табуды қажет ететін сұрақтарды тыңдалды. Енді оларды шешу жолдарын қарастыру қажет. Бұл мәселелердің көпшілігі депутаттық сауалдар мен сұрақтарға негіз болады, парламенттік тыңдауларда, үкімет сағаттарында және түрлі кездесулерде көтеріліп, ұсынымдарға енгізіліп, комитеттердің жұмыс жоспарларында ескеріледі. Үкіметке депутаттық сауал ретінде жеткізіп қана қоймай, орындалуын  қадағалау керек, бұл үшін депутатқа берілген мүмкіндіктерді толығымен пайдаланыңыздар.", - деді Назарбаева сенаттың жалпы отырысында.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева Елбасыдан бұрын сөйлеп, қайдан қауіп төніп тұрғанын айтты

Оның айтуынша, биыл 80-ге жуық іс-шара өткізуді жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы саласының проблемаларын кәсіби түрде кеңінен талқылау үшін сенат жанынан Агроөнеркәсіп кешені жөніндегі кеңес құру көзделуде.

"Жақында үкімет заң жобалау жұмыстарының осы жылға арналған жоспарын бекітті. 2020 жылғы жоспар жобасына маңызды мәселелерді шешуге, тұңғыш президент–Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілген. Осыған байланысты, комитеттер алдын ала заң жобасын әзірлеушілермен заңнамалық жұмыстарды үйлестіру қажет. Біз осы заңнамалық қызмет пен бірге халықты алаңдататын өзекті мәселелер бойынша үкіметке нақты ұсыныстар беріп, тиісті заңдарға түзетулер енгізуіміз керек", -  деді спикер.

Сонымен қатар, Назарбаева құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің арандатушылық әрекеттері үшін жауапкершілікті күшейту керек екенін айтты. Осы арқылы азаматтардың құқығын қорғаудың кепілдіктерін арттыруды ұсынды.

Сондай-ақ, ұсыныстардың арасында:

  • шынайы дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталмаған мәліметтермен қылмыстық жауаптылыққа тартуға, тек куәлік ету негізінде жауапкершілікке тарту мен соттауға тыйым салу;
  • әкімшілік юстицияны енгізу, заңнамадағы барлық түсініксіз қарама-қайшылықтарды азаматтар мен бизнестің пайдасына түсіндіруді қамтамасыз ету, оларға мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасқа тең жағдай жасау;
  • жергілікті маңызы бар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде аудандық, қалалық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту де бар.

"Біз өз тарапымыздан заң қабылдау қызметіне жауапкершілікпен қарап, дер кезінде орындауға міндеттіміз", - деп түйіндеді сөзін Назарбаева.

17026
Кілт сөздер:
мәлімдеме, сенат отырысы, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева Елбасы өзіне қандай бата бергенін айтты
"Назарбаева туралы емес": Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмі жайлы не ойлайтынын айтты
"Еркектерден әйелдер көп...": Назарбаева тың ұсыныс жасады  
Дариға Назарбаева банктердің неден қорқатынын айтып берді
"Жаңа қонысыңыз құтты болсын": Назарбаева жаңа министрге сәттілік тіледі
Теңге, архивтегі фото

Қазақстанда кейбір кәсіпкерлерге 42 500 теңгені тағы да төлеу ұсынылды

1235
(Жаңартылды 16:00 14.08.2020)
17 тамыздан бастап мемлекеттік комиссияның шешімімен бірқатар кәсіпорын қайта ашылады. "Атамекен" ҰКП жұмыс істеуге рұқсат етілмеген кәсіпкерлерге 42 500 теңгеден төлеуді жалғастыру қажет екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. 17 тамыздан бастап жұмысын бастамайтын кәсіпорындарға 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік төлемді ұзарту ұсынылып отыр. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазір Ұлттық палата қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау көрсету пакетімен қамту үшін ұлттық экономика министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Біз қазір мемлекеттік төлемді ұзарту жөніндегі өз ұсыныстарымызды дайындап жатырмыз. Бүгінде қызметтің тағы бірнеше бағыты шет қалып отыр. Мысалы, караоке, тойхана және басқа да бағыттар. Біз онда қанша адам жұмыс істейтіні туралы ақпарат жинап, тексеріс жүргіземіз", - деді "Атамекен" төрағасының орынбасары.   

Сонымен қатар Ұлттық палата кәсіпкерлердің кредитін кейінге қалдыру және қайта қаржыландыру, салықтарды кейінге қалдыру және жалдау ақысын төлеу мәселелерін пысықтауды ұсынады.

Коронавирустың екінші толқыны: елдің жағдайы не болады?

Эльдар Жұмағазиев 17 тамыздан бастап жұмыс істеуге тыйым салынған кәсіпкерлер саны едәуір азаятынын атап өтті.

Бұған дейін ҰКП төрағасының орынбасары Қазақстанда карантиннің салдарынан 1,3 миллион адам жұмыссыз қалғанын мәлімдеген еді.  

1235
Кілт сөздер:
жеке кәсіпкерлер, төлемақы, жәрдемақы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді
Ақорданың маңына жиналған бір топ адам кредиттің кешірілуін талап етті
Еңбек министрлігі 21 250 теңгеге қатысты ақпарат жариялады
"Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды?": Маржан Арапбаева ренішін жеткізді
Президент индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Атамқұлов Тоқаевқа 61,3 мың отбасының тұрмысы жақсарғанын айтты

27
Индустрия министрі "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғанын жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы 7 айда атқарған жұмысының қорытындысы, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді.

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, пандемия салдарынан туындаған дағдарыс жағдайына қарамастан министрлікке қарасты салаларда оң нәтижелерге қол жеткен. Министр бүгінде "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 7 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, 61,3 мың отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарғанын жеткізді. Сонымен қатар "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар 9,8 мың шақырым жолдың құрылысы және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Халықтың тұрмысы жақсарды - Бекболат Тілеухан

Бұдан бөлек жыл соңына дейін Индустрияландыру картасын жүзеге асыру бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 160 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Кездесу соңында президент өңдеу өнеркәсібін одан әрі ынталандыруға және ішкі нарықты толық қамту мақсатында өңделген өнімдердің үлесін арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған тұрғын үйлерді уақытында табыстаудың маңызды әлеуметтік міндет екенін айтты. Сондай-ақ көлік-транзит инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.

27
Кілт сөздер:
баспана, Нұрлы жол, Нұрлы жер, Бейбіт Атамқұлов, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қазақстанда тұрғын үй арзандады – Ибрагимова
Қазақстандықтарға 6%-тік ипотека беріледі: ол үшін не істеу керек
Көлгінов тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесетінін айтты
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ресейге қоқан-лоқы жасады

0
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы егер Ресейдің тәлібтермен байланысы расталса, оның құны жоғары болатынын айтты

Бұл оқиға маусымда The New York Times басылымында шыққан мақаладан басталды. Америкалық газеттің авторлары Мәскеу АҚШ әскерилерін өлтіру үшін Ауғанстандағы террористерге ақша төлейді деп мәлімдеді. Алайда мақалада нақты дәлелдер болған жоқ. Тек аты аталмаған арнайы қызметтің ақпаратына негізделіп жазылған. Ресейдің сыртқы істер министрлігі The New York Times мақаласының жалған екенін айтып, АҚШ-тан дәлел келтіруін талап етті.

0