Нұр-Сұлтан

Жемқорлықпен күресушілер Тоқаев қолдаған челленджге қатысты - видео

271
(Жаңартылды 11:13 25.01.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері қолдарына күрек алып, президент қолдаған челленджге қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері #BizBirgemiz челленджі аясында тұрғын үйлердің ауласын тазалады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоғарғы соттан қала көшелерін қардан тазалау бойынша челленджді қабыл алды. Қызметкерлеріміз агенттік ғимаратына жақын маңдағы үйлердің ауласын тазалады. Бұл челленджді біз ішкі істер министрлігіндегі әріптестерімізге жолдаймыз", – деді агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шоумен Тұрсынбек Қабатовтың елорда аулаларын қардан тазарту жөніндегі ұсынысын "волонтерлер жылы аясындағы орынды бастама" деп қолдаған болатын.

Тағы оқыңыз: Желіде Тұрсынбек Қабатовтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланды – видеo

271
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, челлендж, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Тұрсынбек Қабатов халыққа неге жақпай қалғанын ашық айтты
"Ондай ойы барын білмедім" Есен Елеукен Тұрсынбекке қатысты шындықты айтты  
Белгілі ғалым Қоянбаев пен Қабатовтың сөйлеу мәнерін сынға алды  
Тоқаев Тұрсынбек Қабатовтың ұсынысына қатысты өз ойын білдірді
Мұхамедиұлы Қабатовтың бастамасы туралы не ойлайтынын айтты
Загрузка...