Елордаға қараша айының соңында аяз келді

Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

11705
(Жаңартылды 15:40 27.01.2020)
Бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет елордалықтарды ақпан айында қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, қыстың екінші айы жауын-шашынмен және температураның жоғарылауымен басталады.

Бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Сынап бағанасы түнде -17-22°C, күндіз -12-20°C көрсетеді.

Айдың соңында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.

Ақпан айындағы орташа температура -15°C болады деп болжанып отыр, бұл нормадан 1°С-қа төмен. Жауын-шашын мөлшері нормадан төмен, 15 мм құрайды.

Қазгидромет ұзақ мерзімді болжамдар әлі де өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды

Бұған дейін синоптиктер қаңтардың соңында күн күрт суытатынын хабарлаған еді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде ауа температурасы -20-30°С болады.

27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Рейстер тоқтатылып, жолдар жабылған.

11705
Кілт сөздер:
ауа температурасы, ауа райы болжамы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
"Күн күрт суытады": алдағы күндері 30 градус аяз болады
Фотофакт: елордада 30 градус аязда жейдемен жүрген ер адам жұртты таңғалдырды
Загрузка...