сыйлық

Ресейлік танымал әнші Қазақстаннан алған өте қымбат сыйлығы туралы айтты

1779
Ресейдің халық әртісі қырық жылдық мерейтойына қазақстандық досы берген ерекше сыйлық туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Ресей Федерациясының халық әртісі, әнші, композитор Дмитрий Маликов Қазақстан туралы, осы елден алған қымбат сыйлығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әншінің 50 жылдық мерейтойына орай "Россия сегодня" ХАА мультимедиялық баспасөз орталығында шығармашылық кездесу өтті. Кездесуде әнші 40 жылдығына Қазақстаннан келген ерекше бір сыйлықты еске алды.

"Қазақстанда жақын бір досым бар. Ол менің 40 жылдық мерейтойыма кәдімгідей үлкен концерттік рояль сыйлады. Тамаша ғой. Ондай рояль әлемнің беделді залдарында тұрады. Ал менің роялім үйде тұр", - деді Маликов.

Әртіс Қазақстанға барғанды ұнататынын да жеткізді. Себебі табиғаты ғажап, ал халқы ашық.

"Мен Қазақстанда жиі болып тұрамын. Ол жақта адамдар ашық, өте мейірімді. Қазақтармен араласқанда өзімді тамаша сезінемін", - деп атап көрсетті Маликов.

Дмитрий Маликов
© Sputnik / Александр Натрускин
Дмитрий Маликов

Сондай-ақ әнші туған күніне ешқашан ерекше сыйлық күтпейтінін айтты.

"Иә, жақсы сыйлық алған керемет қой. Бірақ осындай бір сый алсам деген арманым жоқ. Мерейтойыма бәрі келсе болды. Ешкім ауырып қалмаса, концертім жақсы өтсе екен деймін. Осындай қарапайым тілектер", - деді композитор.

1779
Кілт сөздер:
сыйлық, әнші
Тақырып бойынша
Қазақстандық танымал әнші туған күнін дүркіретіп атап өтті
"Кінәлі болсам, түрмеге қамаңдар": танымал әнші өкінішін айтты
Қазақстандық танымал әнші үш қабатты зәулім үйін көрсетті – видео
Танымал қазақстандық әнші 2 жыл бойы елдің бетіне неге қарай алмағанын айтты
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Танымал әнші бірнеше рет зорланғанын ашық айтты
Танымал әнші қауіпті дертке шалдыққанын айтты
Загрузка...