Азат Перуашев

"Өлгендер өзін қорғай алмайды": Перуашев Bek Air-дің басшылығына шүйлікті

1520
(Жаңартылды 13:57 29.01.2020)
Депутат зардап шегушілерге әуе компаниясы тарапынан заңды өтемақы да, басқа қолдау шаралары жасалмағанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары "Бек Эйр" компаниясынан құлаған ұшақтың жолаушыларына моралдық шығын ретінде өтемақы өндіріп алуды сұрап отыр. "Ақ жол" партиясының төменгі палатадағы фракциясы премьер-министр мен бас прокурорға осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілісмен Азат Перуашевтің айтуынша, Bek Air басшылығының трагедиядан кейін үкіметтік комиссияның ресми қорытындысын күтпей, ел алдында апатқа қатысты өз болжамдарын жария етуі мүлде дұрыс болмаған. Компанияның бұл мәлімдемесін қоғамдық пікір мен тергеу барысына ықпал етуге ұмтылу деп бағалауға болады.

"Адамдық және іскерлік этика тұрғысынан компания басшылығы алғашқы сәттен-ақ зардап шеккендердің жанынан табылып, шынымен көмек көрсетуі тиіс еді. Ауруханаларға түскен адамдардың хәлін сұрап, марқұмдардың отбасыларына баруы керек еді", - деді Перуашев.

Ол 13 адамның өмірі қиылып, көбі мүгедек болып қалғанын, ал олардың отбасылары асыраушысы мен үмітінен айырылғанын атап өтті.

"Құдай сақтасын, алайда бұл жағдайда кез келген жауапты компания тек заңды өтемақы ғана емес, сонымен бірге өздеріне пайда әкеліп отырған адамдарға өз еркімен қосымша қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруы тиіс еді", деді Перуашев.

Оқи отырыңыз: Bek Air-де жаға ұстатарлық жайттар анықталды: ұшақтардың суреті жарияланды

Бірақ, депутаттың сөзінше, әуе компаниясы тарапынан заңды өтемақы да, басқа қолдау шаралары жасалмаған.

"Халық "Бек Эйр" компаниясының өкілдерін ауруханалардан да, марқұмдарды жерлеу рәсімінен де көрген жоқ. Компания баспасөз арқылы тек көңіл айтты. Құдды трагедияға еш қатысы жоқ бөтен тарап секілді. Кінәні тағы да сол көз жұмған ұшқыштарға арта салатындай көрінеді. Өлгендер өз-өзін қорғай алмайды. Бұл әділдік пе сонда?", - деп ашынды мәжілісмен.

Әуе тасымалдаушы жолаушыларға трагедиядан кейін тоқтатылған рейстер үшін билет ақшасын әлі қайтармаған. 

"Үкіметтік комиссияның жұмыс істеп жатқанына бір ай болса да, "Бек Эйрдің" кінәлі қызметкерлеріне қатысты да, не басқа да жауапты тұлғаларға қатысты ақпарат жоқ. Ешкім кек алуды немесе кінәсіздерді жазалауды талап етіп отырған жоқ. Бірақ, ең болмағанда, осы әуе апатынан қаза тапқан азаматтарымызға қатысты әділдік болуы тиіс", - деді депутат.

Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы "Бек Эйр" компаниясынан құлаған ұшақтың жолаушыларына моралдық шығын ретінде өтемақы өндіріп алуды сұрады. Сондай-ақ, өкілетті органдарға тоқтатылған рейстер үшін жолаушыларға билет ақшасын қайтаруды қамтамасыз етуді тапсыру керектігін, қоғамды трагедияға қатысы бар күдіктілерге қатысты шаралардан хабардар ету қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, парламент басшылығына тергеудің ресми қорытындысы бойынша елдегі ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі туралы парламенттік тыңдау өткізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Алматыдағы ұшақ апаты

Трагедия 2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Ал 28 қаңтарда екінші пилот Мейіржан Молдақұлов ауруханадан шыққаннан кейін бір жұмадан соң қайтыс болды.

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Үкіметтік комиссия апат себебінің алдын ала болжамын жариялады. Негізгі себеп – ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған.

Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды.

28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болды.

1520
Кілт сөздер:
ұшақ апаты, Азат Перуашев
Тақырып бойынша
Bek Air басшысы апат туралы: екінші ұшқыш бір қателік жасады - видео
"Керек емес. Не істеп жатырсың?": Bek Air ұшқыштарының әңгімесі жарияланды
Алматы түбіндегі Bek Air ұшағы апатының негізгі себебі жарияланды
Алматы түбіндегі апат: ұшақтың "қара жәшігіндегі" жазбалар оқылды
Ішкі істер министрлігі екінші ұшқыштың өліміне қатысты түсініктеме берді
Ақша, теңге

Тоқаевтың тапсырмасы: министр дәрігерлердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты 

83
(Жаңартылды 20:26 29.05.2020)
Министр медицина қызметкерлерінің айлығын арттыру жұмысы былтыр басталғанын атап өтті. Ол кезде ақхалаттылардың жалақысы 30%-ке көбейген

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол медицина қызметкерлерінің айлығын арттыру жұмысы былтыр басталғанын атап өтті. Ол кезде ақхалаттылардың жалақысы 30%-ке көбейген. 

Бұдан бөлек, қаңтардан бастап республикалық бюджеттен және медициналық сақтандыру қорынан еңбекақы төлеу қорын 30 процентке арттыру үшін қосымша қаржы бөлінді. 

"Біз есеп-қисап жүргіздік. Бізге әр жыл сайын еңбекақы төлеу қорын 30%-ке арттыру қажет болады. Сол кезде қалаған деңгейге жетеміз, әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс. Әйтпесе, біз кадрларымызды жоғалта береміз", - деді Біртанов "Хабар 24" телеарнасында өткен тікелей эфирде. 

Айтуынша, бекітілген 2025 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында медицина қызметкерлерінің еңбекақысын кезең-кезеңмен өсіру жоспарланған. 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық ету көзделген. 

"Алайда президент қазіргі жағдайды ескеріп бұл көрсеткішке 2023 жылы жетуді тапсырды. Осыған байланысты біз тиісті есептеулер жүргіздік", - деді ол. 

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында дәрігерлердің жалақысын биылдан бастап кезең-кезеңмен өсіруді тапсырды.

 

83
Тақырып бойынша
Қытайдан келген дәрігерлер елордалық әріптестерінің жұмысын бағалады
Президент дәрігерлер үшін қылмыстық жазаны өзгертуді ұсынды
Абаев қандай дәрігерлер айына 1 миллион теңге алатынын айтты
Күн сайын 200-300 қазақстандық вирус жұқтырады: министр түсініктеме берді
Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды - министр жауабы
Медицина қызметкері

Күн сайын 200-300 қазақстандық вирус жұқтырады: министр түсініктеме берді

50
(Жаңартылды 19:45 29.05.2020)
Министр жалпы Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты. Соңғы айда вирус жұқтыру өсімі орташа есеппен 5 проценттен аспаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов күн сайын вирус жұқтырған 200-300 адамның тіркелуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бұл инфекциялық аурудың таралуы, сол себепті, әрине, цифр өседі. Егер таралу қарқыны мен қайтыс болғандар санын қарасақ, бұл жерде әр елде көрсеткіштер әртүрлі. Бізде бірқатар өңірде өсім қарқыны артып отыр, бұл ұйымдасқан ұжымдарда вирус таралып жатқанын білдіреді", - деді Біртанов "Хабар 24" телеарнасындағы тікелей эфирде. 

Министр жалпы Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтты. Соңғы айда вирус жұқтыру өсімі орташа есеппен 5 проценттен аспаған. 

"Бүгінгі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 10 мыңнан сәл асады. Алайда өсім қарқыны 3-5 процент шамасында құбылады", - деді ведомство басшысы. 

Айта кетсек, coronavirus2020.kz сайтында індетке шалдыққандардың саны – 9 932. Соның ішінде 5 011 адам дертінен жазылып шыққан, 37 науқас қайтыс болды.

50
Кілт сөздер:
түсініктеме, министр, Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бұл вирус бізбен ұзақ уақыт болады": ДДҰ басшысы мәлімдеме жасады 
Қазақстанда вирус жұқтырғандарды емдеуге "Гидроксихлорохин" қолданылмайды
Вирус жұқтырған кейбір адамдар неге ауруханаға жатқызылмайды - министр жауабы
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
"Көзге көрінбейтін дұшпан": Вирус жұқтырған шенеунік желіде жазба жариялады
Компьютер, интернет

SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді

0
Веб-аналитиканың маңызды болуының бірнеше себебі бар. Ол арқылы аудиторияны, интернет-ресурстың техникалық тұсы мен тұтынушылардың әрекетіне талдау жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр — Sputnik. Web-аналитика не үшін керек, сайт статистикасын бақылау кезінде оның жүйелері қалай жұмыс істейді? Бұл сауалдарға журналистер мен блогерлерге арналған SputnikPro вебинарында "Россия сегодня"  халықаралық ақпарат агенттігінің веб-сарапшысы Игорь Тугушев жауап берді.

Сарапшы "Титаник" апатын мысалға келтіре отырып, web-сараптаманың маңыздылығы туралы айтты.

Скриншот вебинара SputnikPro с веб-аналитиком МИА Россия сегодня Игорем Тугушевым
© Sputnik /
SputnikPro вебинарының скриншоты

"Трагедия не үшін болды? Басты себеп - капитан мен орынбасарының салғырттығы, алайда екінші себеп - навигациялық құралдардың әлсіз болуы", - деді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта навигациялық кешендер дамып кетті.

"Титаник пен сіз интернет мұхитына жіберетін интернет-сервисті салыстыруға болады. Егер заманауи навигациялық құралдар қолданылмаса, мұхитта көзді жұмып жүзгендей боласыз", - деді маман.

Web-аналитика - интернет-ресурстың мәліметтерін жинау мен талдауға арналған шаралар кешені. 

Тугушев статистика жинаудың негізгі клиенттік жүйелерін атады: Google Analytics, Liveinternet, Рейтинг mail.ru, Яндекс Метрика.

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елден 3 мыңнан астам өкіл қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

0