Қытайдағы коронавирус, архивтегі сурет

Қытайдағы коронавирус: депутаттар қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

1060
Депутаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар тасымалы мен адам ағынын уақытша тоқтата тұру қажет деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаттары Қытайдағы Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды сұрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қытайдың тек Ухань қаласынан ғана емес, коронавирус инфекциясы тараған басқа да қалаларынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін қарастыру қажет. Білім және ғылым министрлігі Қытайдың білім министрлігімен қауіп жойылғанша қазақстандық студенттерге демалыс беру мәселесін пысықтауы тиіс. Эвакуацияланған азаматтарды елге келгеннен кейін медициналық бақылауда ұстау қажет деп санаймыз", - деді мәжілісмен Құралай Қаракен премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Сонымен қатар, депутаттар Қазақстан мен Қытай арасындағы азаматтар мен тауар тасымалын уақытша тоқтата тұру қажет деп санайды.

Тағы оқыңыз: "Қорқынышты": Қазақстан студенттері Уханьда не боп жатқанын айтты - видео

Бұдан бөлек, Қаракен Қытайдағы коронавирустан шығынға батқан отандастардың мәселесін қозғады. Айтуынша, Қытайға жолдама сатып алған қазақстандықтар туристік операторлардан ақшасын қайтара алмай жүр.

Депутат әлеуметтік желілерде коронавирустың жұғу жолдары мен таралуына қатысты тексерілмеген ақпарат өріп жүргенін де айтты.

"Ақпараттың тапшылығынан халық байбалам салып, дүрлігіп жатыр. Сол себепті коронавирус инфекциясы бойынша ахуал туралы ақпарат беретін Telegram-канал құруды ұсынамыз", - деді ол.

Сондай-ақ, адамдардың жеке сауалдары мен шұғыл хабарламаларын өңдеу үшін call-орталық ашуды, әлеуметтік желілерде вирусқа қатысты тақырыптарға онлайн-мониторинг жүргізуді ұсынды.

Депутаттың мәліметінше, қазір Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 5974 адамға жеткен, соның ішінде 132-і көз жұмды. 28 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупінің деңгейі "өте жоғары" екенін мойындады.

Тағы он бес елде осы вирусты жұқтырған бірлі-жарым адам бар.

1060
Кілт сөздер:
мәлімдеме, қазақстандықтар, депутаттар, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (876)
Тақырып бойынша
Коронавирус Хайнань аралына жетті: бір адам көз жұмды
Алматыда коронавирус анықталды деген хабарламаға қатысты басқарма түсініктеме берді
"Зәреміз ұшты": Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді – фото
Қытайдағы жаңа коронавирус: әлемге эпидемия қаупі төніп тұр - видео
Қытайдағы коронавирус: індеттен көз жұмғандар саны бір тәулікте артып кетті
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

7
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

7
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Архивтегі фото

Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

7
Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Елбасы медалі" ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Академиясы" корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

"Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін", - деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда "Елбасы медалі" бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

"Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек", - деп түсіндірді Жанғозин.

7
Кілт сөздер:
жастар, медаль, Елбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді