Біржан Нұрымбетов

Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме министрдің жауабы

32465
(Жаңартылды 13:07 30.01.2020)
Көпбалалы аналарға жаңа жәрдемақы енгізілгеннен кейін, 1-3 баласы барлар да мемлекеттен көмек болса деген өтініштерін білдіре бастады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көпбалалы емес отбасыларға жәрдемақы төлене ме, жоқ па деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгіздік. Қазір оны 370 мың отбасы алып жатыр. Енді төрт баладан аз, бір, екі, үш баласы барлар да бізге де сондай жәрдемақы берілсе деген өтініштерін білдіріп жатыр. Қазір министрліктің ішінде әртүрлі тәсілдерін қарап, қаржыны есептеп жатырмыз. Бірақ, бұл мәселе, қаржы мүмкіндігіне байланысты", - деді Нұрымбетов мәжілісте өткен кездесуде.

Айтуынша, жаңа жәрдемақыны алатын 370 мың отбасының 125 мыңы тұрмысы төмен жанұялар. Ал бір, екі, үш балалы тұрмысы төмен отбасылардың саны 190 мың. Қазақстан бойынша 1-3 баласы барлар саны 2 миллион 904 жанұя . Яғни, он бес есе көп, деп жалғастырды министр.

"Сондықтан ол он бес есе артық қаражатты талап етеді. Екіншіден, дәулетті, жағдайы жақсы отбасыларға осы жәрдемақыны төлеу керек пе, жоқ па, ол да үлкен сұрақ. Сондықтан біз әлі ешқандай шешімге келген жоқпыз. Бірақ, оның бәрін қарап жатырмыз", деп сендірді ол.

Тағы оқыңыз: Атаулы әлеуметтік көмекке ілікпей қалған отбасыларға қатысты тапсырма берілді

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектен бөлек, көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы төлене бастады. Оның басты ерекшелігі - жәрдемақы табысына қарамастан төленеді. Ол бала санына қарай ай сайын беріледі.

Жаңа жәрдемақының мөлшері:

  • 4 балаға - 42 496 теңге;
  • 5 балаға – 53 127 теңге;
  • 6 балаға – 63 757 теңге;
  • 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.
32465
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (60)
Тақырып бойынша
Еңбек министрлігі бір реттік жәрдемақы жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді
Балаға берілетін жәрдемақы 2020: кімге, қалай және қанша төленеді?
Сапарбаев президентке жәрдемақы ең алдымен кімдерге берілетінін айтты
1 қаңтардан бастап жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
2020 жылы жәрдемақы қанша болады
Жаңа жәрдемақы: көпбалалы отбасыларға 17 млрд теңге төленеді
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

133
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

133
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1031
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1031
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы