Шабадан,  архивтегі сурет

Нұр-Сұлтан әкімінің бұрынғы орынбасары қашып жүр

2131
(Жаңартылды 13:53 31.01.2020)
LRT құрылысы бойынша тергеу аяқталды. Оннан астам адам жауапқа тартылып жатыр, ал шетелге қашып кеткендер іздестірілуде  

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі LRT құрылысы кезінде қыруар қаржының ұрлануына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

№2 департаменттің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, қылмыстық істі тергеу аяқталғаннан кейін онымен танысу шаралары басталады. Шығынның жалпы көлемі – 5,7 миллиард теңге.

"Бүгінде осы іс бойынша 10-нан астам адам жауапқа тартылып отыр. Ал қашып кеткендерді іздестіру шаралары жалғасуда. Интерпол арқылы жұмыс істеп жатырмыз. Біз олардың қайда жасырынып жүргенін білеміз. Бірақ тергеу мүддесі үшін айта алмаймын", - деді Перов.

Оның сөзіне қарағанда, жауапқа тартылып жатқандардың ішінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары, "Astana LRT" ЖШС мен мердігер компаниялардың өкілдері бар.

"Үш адамға іздеу жарияланды. Олардың ішінде әкімнің бұрынғы орынбасары да бар", - деп атап көрсетті Перов.

"Бас тарта алмаймыз": вице-премьер Қытаймен бірлескен 55 жоба туралы айтты

Айта кетейік, LRT құрылысы бойынша елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков, "Astana LRT" бұрынғы басшысы Талғат Ардан және мердігер компанияның жетекшісі Абдухамитов іздеуде жүр. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық схеманы Сұлтанбеков пен Ардан ұйымдастырған. Олар әкімдікке қарасты басқарма мамандарының көмегімен құрылыстың шығыстарын артық көрсетіп, ақшаны жымқырған.

 

 

2131
Кілт сөздер:
жемқорлық, Астана LRT
Тақырып бойынша
Алматыда LRT құрылысы бастала ма – әкімнің жауабы
Президент қымбат жоба туралы: іске қосудан басқа амал жоқ
Үкімет Қытайдың қарызынан бас тартты: LRT құрылысына ақша қайдан алынады
Бір топ адам шу шығарды: астанада болған жағдайдың видеосы желіде тарап кетті
Елордадағы LRT-ның ендігі тағдыры не болады?
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1038
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1038
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

133
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

133
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

238
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

238
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин