Қоғам

Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны рас па - министрлік түсініктемесі

© Photo : СС0 / Mila KusmenkoВолки
Волки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мониторинг жұмысын жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 қаңтар – Sputnik. Бірнеше күн бұрын желіде Ресейден Батыс Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны туралы видео тарады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Бұл видео шындыққа жанаспайды. Видеода үй малы немесе жабайы жануар болуы мүмкін. Біреу жалған ақпарат таратып жатыр", - деп жазды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Ол Батыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мониторинг жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Баспасөз хатшы жалған ақпарат тарату үшін Қазақстан заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

 

Жаңалықтар
0