Қоғам

"Бұл масқара ғой": Реформалардың нәтижесі Сапарбаевтың ашуын келтірді  

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр труда и соцзащиты населения Бердибек Сапарбаев
Министр труда и соцзащиты населения Бердибек Сапарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің жастары шетелге кетпей, Қазақстанда білім алу үшін барлық жағдайды жасау керек, деп мәлімдеді үкімет басшысының орынбасары  

НҰР-СҰЛТАН, 1 ақпан – Sputnik. PISA білім беру сапасының халықаралық рейтингісінде Қазақстанның соңғы орындардың бірін иеленуі вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың ашуын келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында премьер-министрдің орынбасары Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында PISA рейтингісінде соңғыдан алдыңғы орынды иеленіп отырғанын мәлімдеді.

"Бізден кейін Грузия ғана. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесі үшін масқара ғой. Осындай мемлекеттік қолдау жасалып жатқанда соңғының алдында тұрмыз", - деді Бердібек Сапарбаев.

 Ол бұл жағдайды мұғалімдермен, қоғаммен және республика билігімен бірлесіп жұмыс істеу арқылы ғана түзетуге болатынын атап өтті.

Сапарбаевтың пікірінше, жергілікті билік көбінесе проблемалардың алдын алудың орнына, ол пайда болғаннан кейін ғана іске кіріседі.

"Кім жауап береді?": Сенатор білім саласындағы былықты жайып салды 

"Біздің қателігіміз – реформаларды жүзеге асыру барысында халықпен жұмыс жүргізбейміз, түсіндірмейміз, ақпарат бермейміз, шағым келіп түскен кезде ғана әрекет етеміз. Ең бастысы оқушыларды жақсы оқуға ынталандыра білу керек. Біздің жастарымыз неге шетелге кетіп жатыр? Олар осында қалуы үшін барлық жағдайды жасауға тиіспіз", - деп толықтырды вице-премьер.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан PISA рейтингісінде үздік 50 елдің қатарына енбей қалды. Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (PISA) аясындағы тестілеу қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар орташадан төмен нәтиже көрсетті.

Жаңалықтар
0