Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Біржан Нұрымбетов

Қазақстанда зейнетақы төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін: кім қанша алады?

18238
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, еңбек өтілі бес жылдан аз қазақстандықтарға күнкөріс минимумының 70 проценті шамасында ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы төлеу ұсынылған

НҰР-СҰЛТАН, 3 ақпан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2028 жылдан бастап кепілдендірілген ең төменгі зейнетақыны енгізуді ұсынып отыр. Бұл ұсыныс зейнетақы жүйесін жаңғырту тұжырымдамасында жазылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз 2028 жылдан Қазақстанда кепілдендірілген ең төменгі зейнетақы енгізуді ұсындық. Ол қазіргі базалық зейнетақы төлемін алмастырады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрлік еңбек өтілі бес жылдан аз азаматтарға ең төменгі күнкөріс шегінің 70 проценті шамасында кепілдендірілген зейнетақы төлеуді жоспарлап отыр. Кейін оның мөлшері 1,5 ең төменгі күнкөріс шегіне дейін өседі. 

"Бұл еңбек министрлігінің ұсыныстары. Мемлекет тарапынан кепілдендірілген төлем жинақтаушы зейнетақымен қоса есептегенде, зейнеткердің жоғалтқан табысының кем дегенде 40 процентін өтейді. Барлық есептеу осы мақсатпен жүргізілді", - деді ведомство басшысы.

Нұрымбетов кепілдендірілген ең төменгі зейнетақыны енгізу неге маңызды екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Министр зейнетақы жинағының тең жартысын кімдерге алуға болатынын айтты

"1998 жылдан бастап біз жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік. Бүгінде мемлекет төлейтін ынтымақты немесе еңбек зейнетақысын 1998 жылдың қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтар алады. Мұндай адамдардың саны жылдан-жылға азайып барады. Қазір 1957 жылы туған ер адамдар зейнетке шығып жатыр, олардың талап етілетін толық еңбек өтілі жоқ, сәйкесінше, толық зейнетақысы да жоқ. Біртіндеп ынтымақты зейнетақы жоғалады. Сол себепті 2043 жылы теориялық тұрғыдан мемлекеттен тағайындалатын еңбек зейнетақысын алатын жаңа адамдар болмайды. Тек базалық зейнетақы қалады", - деп түсіндірді ол.

Қазақстанда зейнетақы қалай есептеледі

Бүгінде елімізде зейнетақы үш деңгейден құралады:

  • Базалық зейнетақы
  • Ынтымақты немесе еңбек зейнетақысы (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтіліне байланысты)
  • Жинақтаушы зейнетақы (1998 жылдың 1 қаңтарынан кейін қорға аударылып отырған жарна есебінен)

2018 жылдың шілдесінен бастап базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді.

Егер зейнеткердің еңбек өтілі 10 жыл немесе одан кем, не мүлде болмаса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% төленеді. Яғни 10 жылға дейін – бұл кепілдендірілген көлем. Қазақстанда базалық зейнетақыны бұл сомадан төмен ешкім алмайды. Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2% үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56%-ін алатын болады. Ал еңбек өтілі 33 жыл немесе одан да көп азаматтарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғары мөлшері – 100% төленеді.

2020 жылы ең төменгі базалық зейнетақы 800 теңгеге ұлғайып, 16 839 теңгені құрады.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі –  31 183 теңге.

Ынтымақты жүйеде 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі есептеледі және ол еңбек өтілі мен жалақыға тәуелді болады.

Жинақтаушы зейнетақы

Әр жұмыс беруші қызметкердің ай сайынғы табысының 10%-ын міндетті зейнетақы жарнасы ретінде тұрақты түрде аударып отырады. Ақша жұмысшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.

18238
Кілт сөздер:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, зейнетақы
Тақырып бойынша
Қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы ақша жақын арада берілмейді – себебі неде
ЕАЭО зейнетақы келісімі. Одақ азаматтарына қандай пайдасы бар?
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды
Зейнетақы жинағын пайдалану: соңғы шешімді президент қабылдайды
Қазақстанда 102 мың адамға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін
Министр зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап берілетінін айтты
Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын мәлімдеді
Тоқаев: Жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтетін болдық – видео
Полиция инспекторы

Пара ретінде темекі алған полицейдің үстінен іс қозғалды

6
Күдікті өз кінәсін толық мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ақтөбеде карантиндік блок бекетте параны темекімен алған полицей ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша құқық қорғаушы жергілікті полицияда жұмыс істейді. Қызметі – патрульдік полицияның инспекторы.

"Полицей 30 мамыр күні 10 800 теңге тұратын "Парламент" темекісінің екі қаптамасын пара ретінде алған. Сол үшін "Магистраль №4" блок бекеті арқылы арнайы рұқсатсыз өткізуге уәде еткен", – деді тергеуші Данияр Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Тергеушінің айтуынша, өз кінәсін толығымен мойындағаны үшін күдікті қамауға алынбаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жалғасуда.

Айта кетейік, 1 маусымнан бастап республика бойынша барлық блок бекеттер алынды. Содан кейін барлық бағыттағы қалааралық автобус қатынасы ашылды. Пойыздар да жүре бастады.

Оқи отырыңыз: СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған

6
Кілт сөздер:
пара, полицей
Тақырып бойынша
Карантин кезінде ажырап қалған: полиция балаларды ата-анасымен қауыштырды – видео
Ернар Айдар неліктен полиция ұстап әкеткенін түсіндірді – видео
Полиция Көк Жайлаудағы отырыс ұйымдастырушыларын іздестіріп жатыр
Жамбыл облысында болған оқиғаның видеосы жарияланып кетті - полиция ақпарат берді
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева қазір немен айналысып жүр - желіде видео пайда болды

354
(Жаңартылды 13:22 04.06.2020)
Жастар конгресі кеңесінің төрағасы ұйымның жаңа кеңсесінде болып, отырыс өткізгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сенаттың бұрынғы спикеріДариға Назарбаева Қазақстанның жастар конгресінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға ұйым растады.

"Иә, Дариға Нұрсұлтанқызы Қазақстан жастар конгресін басқаруды жалғастырып жатыр. Жақында конгресс төрағасы жұмысқа байланысты жиналыс өткізді. Ол жерде конгрестің жұмыс жоспары мен өткен жылдағы қызметінің қорытындылары талқыланды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Әсем Мәдекешова. 

Қазақстан жастары конгресі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылды. Республикалық және халықаралық деңгейде табысты жұмыс істейтін елдің жастар бірлестіктерінің ең ірі ұйым болып саналады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Дариға Назарбаева Қазақстан жастар конгресін 2016 жылдан бастап басқарады. 

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

2020 жылдың екінші мамырында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен сенат спикері Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Мемлекет басшысы парламент сенатының төрағасы ретіндегі белсенді және жемісті жұмысы үшін Назарбаеваға алғыс білдірді.

 

354
Кілт сөздер:
желі, видео, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
"Ешкім қорқытып отырған жоқ": Дариға Назарбаева несімен есте қалды
 Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасады
"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды
"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс