Қоғам

Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

© Sputnik . Жания УранкаеваСунгат Есимханов
Сунгат Есимханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметін 2018 жылдың қарашасынан бастап атқарды, ол басқа жұмысқа ауысты

НҰР-СҰЛТАН, 4 ақпан – Sputnik. Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстанның энергетика вице-министрі қызметінен босатылды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Сұңғат Есімханов туралы не білеміз?

1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген.

2018 жылдың қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті болды. ҚР  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Бұрынғы энергетика вице-министрлерінің ісі

Бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиев 2018 жылы ұсталды.

Оларға басқа адамдардың сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп алу немесе ысырап ету (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бойынша айып тағылуда, Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

"Сатып алды": бұрынғы вице-министрдің адвокаты куәгерге қатысты мәлімдеме жасады

Екеуінің ісіне де "Аймақ" ЖШС мердігер ұйымының қатысы бар, бірақ болжамды қылмыстардың жасалған мерзімі әртүрлі. 

Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Нұрлан Ноғаев басқаратын энергетика министрлігінде министрдің бірінші орынбасары Мұрат Жүребеков, жауапты хатшы Талғат Момышев және вице-министрлер Әсет Мағауов пен Жұмабай Қарағаев жұмыс істейді.  

Жаңалықтар
0