Қоғам

Қытайдан қазақстандықтарды эвакуациялауға тағы екі рейс жіберіледі

© AP Photo / Achmad IbrahimЛюди в защитных масках в очереди в аэропорту
Люди в защитных масках в очереди в аэропорту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Қытайдағы елшілігі ҚХР-дағы азаматтардың жақын күндері эвакуацияланатынын хабарлады

АЛМАТЫ, 5 ақпан – Sputnik. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі коронавирустың кең таралауына байланысты Бейжің мен Шанхай қаласынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау үшін қосымша рейс ұйымдастыру мәселесін талқылап жатыр. Бұл жайында елшіліктің сайтында хабарланды.

Мәлімдемеге сүйенсек, Қазақстан өз азаматтарын мемлекет қаржысына алып келеді.

"Елшіліктің ресми сайты және «WeChat» парақшасында жарияланған ақпарат пен хабарламаларды қадағалап отыруға шақырамыз", - делінген мәліметте.

Сондай-ақ, азаматтарды аурудың алдын алуға бағытталған қажетті шараларды сақтауға шақырды.

"Ұшу мерзімдері, уақыты және басқа да әуе рейсіне қатысты ақпарат өтініштеріңізде көрсетілген нөмірлерге қосымша жолданады", - деді Қазақстанның Қытайдағы елшілігі.

Қазақстан 80 студентті елге қайтарды

Қазақстан эпидемия ошағы Уханьнан 83 қазақстандықты, соның ішінде 80 студентті эвакуациялады. Сонымен қатар, 24 шетелдік – Қырғызстанның 18 азаматы, Беларусьтің бес азаматы мен Арменияның бір азаматын Қазақстанға жеткізді.

Қырғызстандықтар арнайы бортпен Бішкекке жіберілді. Елге жеткізілген қазақстандықтар он төрт күндік карантинге алынды.

Жаңалықтар
0