Оқушылар, архивтегі сурет

"Тыйым салу керек": депутат мектепте неден бас тарту қажет екенін айтты

5143
(Жаңартылды 15:44 05.02.2020)
Депутат, сонымен қатар, он алты жасқа дейінгі балалар үшін онлайн ойын ойнау уақытын шектеуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Майра Айсина оқушыларға сабақ кезінде смартфон мен планшетті пайдалануға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттың айтуынша, смартфондар мен планшеттерге тәуелділік, онлайн ойындарға әуестік балалардың ойлау қабілетіне зиян келтіріп, бас сүйегі-ми жарақатынан кейінгі жағдайға ұқсас өзгеріске әкеп соғады.

Айсина әлем елдерінің тәжірибесін тілге тиек етті. Мәселен, Германия, Франция және басқа да көптеген елде, соның ішінде посткеңестік кеңістіктегі елдердің оқу мекемелерінде гаджет пайдалануға тыйым салынған.

"Бұл мәселе біздің мүдделі министрліктер мен ведомстволардан қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жүргізуді, "Балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заңның тиімді жүзеге асырылуын талап етеді", - деп санайды ол.

Мәжілісмен үкімет интернетте балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін және ақпаратты сүзгіден өткізу үшін қосымша жүйелі шаралар қабылдауы қажет екенін айтты.

Тағы оқыңыз: "Шалға дейін кезекте тұрады": Бекболат Тілеухан мәжілісте маңызды мәселені қозғады

"Жұмыс және демалыс күндері 16 жасқа дейінгі балалар үшін онлайн ойын ойнау уақытын шектеу мүмкіндігін зерделеу керек. Жұмыс күндері интернет-кафелерде балаларға видео ойындар ойнауға, мектептерде сабақ кезінде смартфон мен планшеттерді пайдалануға тыйым салу керек", - деді депутат.

5143
Кілт сөздер:
ұсыныс, мектеп, мәжіліс депутаты
Тақырып бойынша
Алматы облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады: қаза болғандар бар
Қазақстандық мұғалімдер енді жалақысын өздері есептей алады
Бес күндікке кімдер көшеді – мұғалімдер үшін жұмыс күнінің режимі әзірленді
Мұғалімдер мен дәрігерлерге арналған арендалық баспананы қалай алуға болады?
Мұғалімдер шипажайда тегін емделеді – жаңа заңның нормасы
Архивтегі фото

Өткен тәулікте 69 адамнан коронавирус табылды

7
(Жаңартылды 09:41 26.09.2020)
Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында бірде-бір адамнан коронавирус инфекциясы анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 69 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық коммиссия хабарлады.  

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 14,
  • Алматы қаласы – 3,
  • Ақмола облысы – 5,
  • Ақтөбе облысы – 1,
  • Алматы облысы – 2,
  • Атырау облысы – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17,
  • Жамбыл облысы – 2,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 5,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 4,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 5,
  • Түркістан облысы – 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 659. Індеттен 1 699 қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин қай кезде енгізіледі – денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді 

7
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Депутат бұрынғы вице-министрдің отставкасы жайлы: бұған жауап беруі керек
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Алматыда COVID-тен жазылғандар оңалту орталығына ағылып жатыр: мамандар себебін түсіндірді
Тағы бір облыста 8 бірдей мектепте коронавирус анықталды
Nur Otan партиясының ғимараты

Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады

88
Ондаған партия мүшесі бір телефон нөмірімен тіркелгені белгілі болды. Ал басқа азаматтар белгіленген мерзімнен кейін партия қатарына кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Nur Otan" партиясының орталық аппараты Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мүшелерді қабылдау кезінде тәртіп бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

"Nur Otan" орталық аппараты партияның жаңадан қабылданған мүшелері мен "Праймериз" ақпараттық жүйесінде тіркеуден өткендерге талдау жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді 

Осылайша, кезекті тексеру барысында елордада "Азия Орталық Снаб" ЖШС бастауыш партия ұйымы қабылдаған 2466 жаңа партия мүшесінің есептік мәліметтері расталмады. 11 қыркүйектен 4 қазанға дейін партияға қабылдау тоқтатылғанына қарамастан, 12-17 қыркүйек аралығында азаматтар партия қатарына қабылданған.

Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцевтің пікірінше, бұл – өрескел тәртіп бұзушылық. Партияға кейбір "қажетті" кандидаттарға дауыс беруді ұйымдастыру үшін өздерінің бір сәттік мәселелерін шешетіндер, жай ғана қара көбейтетіндер қажет емес.

"Сондықтан дауыс беру кезінде бұрмалауды болдырмау үшін праймериз кезеңінде партияға қабылдау тоқтатылды. Осы фактілерді ескере отырып, партияның астаналық филиалы "Азия Орталық Снаб" ЖШС БПҰ-дағы барлық партия мүшелерінің деректерін салыстырып, тексеруі тиіс", – деп мәлімдеді Казанцев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, партиялық бақылау комитетінің тексерісі барысында партия мүшелерін бір телефон нөмірімен тіркеу деректері анықталды.

Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында "Білім Бурабай" және "Бірлік Бурабай" БПҰ-да партияның 105 мүшесінің бір телефон нөмірі бар. Ал Қарағанды облысының Балқаш қаласында "Ардагер", "Гүлдер", "Балқаш станциясы" және "Шипагер" БПҰ-да бір телефон нөмірінің иелері 279 адам болды.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақтық және аумақтық партиялық бақылау комиссияларына барлық айқындалған фактіні анықтап, кінәлілерді жазалау тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде онлайн дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы растау (верификация) жүйесі (интернет-банкинг үлгісі бойынша жеке тұлғаны анықтау) қолданылатынын айтқан болатын.

Партияның баспасөз қызметі барлық тәртіп бұзушылық деректері бойынша 8 (800) 080 4441 "жедел желіге" (қоңырау шалу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына  хабарласуға болатынын атап өтті.

88
Тақырып бойынша
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Бауыржан Байбек Елбасының шешімін жария етті
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады