Нұрсұлтан Назарбаев пен  Бауыржан Байбек

Назарбаев Бауыржан Байбекке тапсырма берді

1295
(Жаңартылды 19:46 05.02.2020)
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың наурыз айында Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді

НҰР-СУЛТАН, 5 ақпан — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады.  

Байбек партия активі құрамының сапасын жақсарту жұмысы мен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық мәселесі туралы баяндады.

"2019 жылы партиядан 213 мыңнан астам азамат көмек сұрады. Бұл бұған дейінгі жылмен салыстырғанда 34%-ке көп. Әлеуметтік сауалнаманың мәліметіне сәйкес, әрбір төртінші қазақстандық қандай да мәселе туындаған кезде Nur Otan партиясына жүгінеді", - деді Байбек.

Назарбаев Байбекке не деді?

Назарбаев партия қазақстандықтардың проблемаларын шешуге белсенді қатысуы тиіс екенін айтты.

"Атырау мен Астрахань арасында жол құрылысы жүріп жатыр. Ақтөбе-Атырау жолы салынады. Ірі автомагистральдердің құрылысы аяқталған соң облыс ішіндегі жолдарға көңіл бөлу керек. Бұл адамдар үшін маңызды", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы орнын сақтап қалған болатын. Ол Байбекке бірқатар тапсырма берді. 

Саяси кеңестің кеңейтілген отырысы қашан өтеді?

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 18 наурыз күні Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді.

 

 

 

1295
Кілт сөздер:
Назарбаев
Тақырып бойынша
Байбек Назарбаевтың Құдайдан қандай белгі сұрағанын айтты
Сағынтаев Байбек туралы: істеген шаруаларын айтпай-ақ қояйын
Назарбаев өткізетін үлкен жиынның уақыты белгілі болды
Байбек Димаш Құдайберген мен Қанат Исламға үндеу жолдады
"Есік ашық": Бауыржан Байбек партиядан шаршап кеткендерге кеңес берді
Загрузка...