Абай ескерткіші

Алматыда Абайға ескерткіш қойылды

475
(Жаңартылды 19:10 06.02.2020)
Алматы әкімі Жетісу ауданында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты. Авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тілеуберді Бинашев

АЛМАТЫ, 6 ақпан — Sputnik. Алматыда Абай Құнанбайұлына ескерткіш-бюст ашылды. Бюст авторы Тілеуберді Бинашев  Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында ескерткішті қаланың Жетісу ауданына сыйға тартқанын айтты.

"Алматы қаласының Жетісу ауданында тұрып жатқаныма 50 жыл болды. Ол жерде менің шеберханам, жеке мұражайым орналасқан. Мен өз ауданыма сыйлық жасағым келді. Ескерткішті жасауға бір ай шамасында уақыт жұмсадым. Оған қоса, бұл менің Абайдың алдындағы борышым. Маған оның шығармашылығы ұнайды – ол мені шабыттандырады", - дейді Тілеуберді Бинашев.

Памятник Абаю в Жетысуйсом районе
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Абайға ескерткіш қойылды

Ескерткіш Жетісу ауданы әкімдігі ғимаратының жанындағы "Гүлдер" гүлзарында орнатылды. Ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, танымал жазушылар мен абайтанушылар қатысты.

"Абайдың мерейтойы – бұл мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз шеберлері, жалпы шығармашылықпен айналысатын барлық адамның мерекесі. Ұлы ақын, философ, ойшыл Абайдың мұрасы және насихаты қазақ халқының байлығы", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ескерткіш гранит пен қоладан жасалған. Мүсінші Тілеуберді Бинашев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республикалық суретшілер академиясының мүшесі, Ресей көркемөнер академиясының құрметті мүшесі, Құрмет орденінің иегері.

Памятник Абаю в Жетысуйсом районе
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда Абайға ескерткіш қойылды

Бинашевтің Алматыдағы жұмыстары  - Күләш Байсейітова, Құрманғазы, Ахмет Жұбанов ескерткіштері, Райымбек даңғылындағы этнографиялық мүсіндер, сонымен қатар оның туындылары Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда тұр.

Қазақстандағы Абай жылы

2020 жылы Қазақстан ұлы қазақ ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мелекеттік деңгейде атап өтеді. Елімізде ақын мерейтойына арналған жүзге жуық іс-шара ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, Абайдың өлеңін оқыған мектеп оқушысы Ләйлім Шамшырақтың поэтикалық эстафетасын қазақстандықтар мен шетелдіктер қолдады. Челленджге президент Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, композитор Игорь Крутой, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов та қосылды.   

Памятник Абаю в Жетысуйсом районе
© Sputnik / Тимур Батыршин
2020 жылы Қазақстан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мелекеттік деңгейде атап өтеді

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқынын ұлы ақыны, философ-гуманист, композитор, көркем сөз шебері. Абай қазақ әдебиетіне таңсық жаңа өлең формасын енгізді. Ақынның шығармашылығында "Масгуд", "Ескендір" және "Әзім туралы ертегі" поэмалары ерекше орын алады. 

475
Кілт сөздер:
Абайдың 175 жылдығы, Абай Құнанбайұлы
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (44)
Тақырып бойынша
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
Ленинді Абай алмастырды: Қарағандыда он көшенің атауы өзгереді
Абай мінәжат еткен: Семей халқы көне мешітті қалай сақтап қалды - видео
Қазақстанда қанша Абай Құнанбайұлы бар – статистика белгілі болды
Абай Құнанбайұлы ұрпағының шежіресі
Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарияланды
Абай мұрасы бізге қалай жетті - фото
Абай туралы фильм-операны ресейлік режиссер түсіре ме?
Загрузка...