Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне сайланды

Қазақстанның Бас мүфтиі ауысты

2747
(Жаңартылды 11:26 07.02.2020)
Құрылтайға жиналған делегаттар Серікбай қажы Ораз ұсынған кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады

НҰР-СҰЛТАН, 7 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды.

Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораз ұсынған кандидатураға бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

"Наурызбай қажы Тағанұлы менің бірінші орынбасарым ретінде көптеген игі жобаларды жүзеге асырды. Діни салада тәжірибесі мол. Наурызбай қажы Тағанұлының діни басқарма жұмысын жандандырып, жаңа бастамаларға ұйытқы болатынына сенемін", – деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.

Құрылтайға қатысқан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Серікбай қажы Ораздың 2017-2020 жылдары атқарған жұмысына оң баға беріп, Бас мүфти қызметіне сайланған Наурызбай қажы Тағанұлының жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар, діни саладағы ортақ шараларды бірлесе жүзеге асыруға ниеттестік білдірді.

Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне сайланды
© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі
Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне сайланды

"Құрылтайға еліміздің әр облысынан келген 300 делегат менің кандидатурама дауыс беріп, сенім білдіріп, Бас мүфти лауазымына сайлады. Бұл сенімді абыроймен ақтауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Жоспарлап отырған бірқатар жұмыстарымыз бар", - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы журналистерге берген сұхбатында.

Ол 2020 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толғанын атап өтті.

"Осы мерейтой аясында 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың, соның ішінде әл-Фараби мен Абайдың есімін беруді, 30 елді мекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесіне оң ықпал етуді, 30 отбасыға қайырымдылық жасауды, 30 студентке грант тағайындауды, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізуді т.б. игі іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап қойдық. Барша жамағатты сауапты істі бірлесе атқаруға шақырамын", – деді ол.

Нұр-Сұлтанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайы өтті
© Photo : ҚМДБ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайы өтті

Айта кетсек, Наурызбай қажы Тағанұлы осыған дейін ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы қызметін атқарды.

2747
Кілт сөздер:
ҚМДБ, Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти
Тақырып бойынша
Наурызбай қажы Тағанұлы: парақордың арам жолмен тапқан дүниесінің өтеуі ауыр болады
Бас мүфти: осы кеште көбірек дұға жасаған абзал
Бас мүфти 100 имамға ай сайынғы жалақы тағайындады
Бас мүфти қандай жағдайда оразаның сауабы болмайтынын айтты
Бас мүфти бас жүлде иегеріне көліктің кілтін табыс етті
Бас мүфти Дариға Назарбаевадан көмек сұрады
"Жаңсақ пікір". Бас мүфти сақал мен балаққа тыйым салуға қатысты не ойлайтынын айтты
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

482
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

482
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты
Архивтегі фото

Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

32
Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Елбасы медалі" ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Академиясы" корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

"Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін", - деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда "Елбасы медалі" бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

"Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек", - деп түсіндірді Жанғозин.

32
Кілт сөздер:
жастар, медаль, Елбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді
Архивтегі фото

Атыраудың тергеу абақтысында сотталғандар бүлік шығарды

3
Жанжалды бастағандар режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды. Қазіргі уақытта мекемедегі жағдай тұрақтанды

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Атырау тергеу изоляторында отырған бес сотталушы режимді бұзып, қамауға алынған басқа адамдарды тәртіпсіздік жасауға шақырды, деп хабарлады ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 2 маусымда кешкі тексерістен кейін болған.

"Атырау қаласының тергеу изоляторында сотталған бес адам жүріп-тұру режимін бұзды, сондай-ақ қамауға алынып, тергеліп жатқан басқа адамдарды тәртіпсіздікке шақырды. Заңсыз әрекеттерді болдырмау үшін жоғарыда аталған адамдар тәртіптік изоляторға қамалды", - деп хабарлады комитет.   

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар кісі өлтіру, қасақана ауыр дене жарақатын салу, ірі көлемде ұрлық жасау секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ ұлттық алдын-алу жүйесінің өкілдері оқиға орнына барып, сотталғандар арасында сауалнама жүргізіп жатыр.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 428-бабы бойынша (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарын орындамау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта мекемеде жағдай тұрақты, жүріп-тұру режимін бұзуға жол берілмеді.  

3
Кілт сөздер:
Атырау, тергеу абақтысы
Тақырып бойынша
Түрмедегілер бүлік шығарды: екі офицер мен 25 тұтқын көз жұмды
Түрмедегі коронавирус: жүкті әйелдің сынамасы қате болып шықты 
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
Көкшетауда әкімшілік жазасын өтеп жатқан екі адам көз жұмды
Украина түрмесінде бүлік шықты – оқиға орнында түсірілген видео