Депутаттар, архивтегі сурет

Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді

9134
(Жаңартылды 13:30 10.02.2020)
Заң жобасы бойынша партиялық тізім бекітілгенде 29 жасқа дейінгі кандидаттар мен әйелдердің үлесі 30 проценттен кем болмауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Әділет министрлігінде саяси партиялар мен сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Кандидаттардың жас ерекшелігіне қатысты түзету қызу талқыға салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасы бойынша партиялық тізім бекітілгенде 29 жасқа дейінгі кандидаттар мен әйелдердің үлесі 30 проценттен кем болмауы тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында да дәл сондай талап сақталуы шарт. Алайда мандаттарды партияның өзі таратады.

Әділет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы, экс-сенатор Серік Ақылбай кандидаттардың жас ерекшелігін 35 жасқа дейін көтеру керек деп санайды. Себебі 29 жасқа дейін олар қажетті өмірлік тәжірибе жинап үлгермейді.

"Мен өзім судья болдым, бұрынғы сенатормын. Әріптестер дұрыс айтады, мәжілісте, әсіресе, сенатта өмірлік тәжірибесі бар адамдар отыру тиіс. Неге біз 29 жасқа қадалып қалдық? Нақты негіз де жоқ. Осы мәселеге жүйелі түрде қарау қажет. Мәселен, мәжілісте отырған 29 жастағы бала халықпен кездесті дейік. Ал оның барлық сұраққа жауап беруге тәжірибесі жете ме? Мен өзім 60 жасымда барлық сұраққа жауап бере алмадым. Меніңше, біздің заң шығару органымызды балабақшаға айналдыруға болмайды. Жас ерекшелігін 35 жасқа дейін көтерген дұрыс", - дейді Ақылбай.

Депутаттар неге шаршайды?

Ал "Келісу" кәсіби медиаторлар одағының директоры Сара Ыдырысова өмірлік тәжірибесі бар кейбір депутаттардың ұйықтап отыратынын еске алды.

"Қазір интернетте ондай видеолар көп. Біздің "ұлы" депутаттарымыз ұйықтап отырады. Меніңше, оларды толығымен жаңарту қажет. Сосын 60-70 жастағы жолдастарымызды парламентке өткізбеу керек. Енді, олардың арасында мықтылар да бар. Дегенмен, жасы келген адамдар, көп жағдайда, шаршап отырады, бай өмірлік тәжірибесі болса да, басқа нәрсемен айналысқаны дұрыс", - деді Ыдрысова.

Тағы оқыңыз: "Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео

Оның ойынша, депутаттардың жалақысын азайтып, барлық жеңілдігін алып тастаса, парламенттің кәсіби деңгейі көтеріледі. Себебі ондай жағдайда жұмысқа халыққа шын жүректен жұмыс істегісі келетін азаматтар келеді.

Тоқаевтың ұсынысы

Өткен жылдың соңында президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында қолданыстағы саяси жүйені реформалауға бағытталған бірқатар ұсыныс жасаған болатын.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы "партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастарға арналған міндетті 30% квотаны қарастыру және саяси партияларды құру үшін тіркеу талабын 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету қажет екенін ерекше атап өтті.

Осыған орай, әділет министрлігі тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірледі. Олар:

  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңның жобасы;
  • "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы.
9134
Кілт сөздер:
ұйқы, депутат
Тақырып бойынша
Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевадан қысым көріп жатқанын мәлімдеді
Депутат Божко қаймақтың бағасына таңғалды
"Ақылға сыймайды": депутат кейбір қызметкерлердің жалақысын көтеруді сұрады
"Тыйым салу керек": депутат мектепте неден бас тарту қажет екенін айтты
Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевамен қандай мәмілеге келгенін айтып берді
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды

254
(Жаңартылды 20:35 27.05.2020)
Ішкі істер министрі Алматыдағы блок бекетте болған жағдайды жеке бақылауына алды. Тұрғымбаев зардап шеккен полицейге тез сауығып кетуін тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі полицей көз жұмған жол апатынан кейін жұмыс сапарымен Алматыға арнайы барды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев навестил в больнице полицейского, пострадавшего при столкновении на блокпосту в Алматы
Ішкі істер министрі Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ведомство басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

254
Кілт сөздер:
Алматы, полицей, аурухана, министр, апат
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері

Арнайы операцияның видеосы: ҰҚК екі қылмыстық топ туралы ақпарат жариялады

206
(Жаңартылды 20:02 27.05.2020)
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігі бірлесе Алматы және Алматы облысында жүргізілген арнайы операцияның видеосын жариялады. Операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі қылмыстық топ әрекетінің жолын кесілді. 

"Қылмыстық топқа қатысушылардың бірнеше ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыс атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған", - деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Екі топтың белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталғандар бар, кейбірі "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілерімен байланыста болған.

Топ қатысушыларының тұрғылықты жері бойынша тінту барысында қарудың 11 түрі , 200-ден артық оқ-дәрі алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

 

 

206
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, ҰҚК, арнайы операция
Тақырып бойынша
ҰҚК Ақмола облысында өткізілген операцияның видеосын жариялады
ҰҚК 20 лауазымды тұлғаны ұстау сәтінің видеосын жариялады
Трансгендерді зорлады деп айыпталған ҰҚК қызметкері сотталып жатыр
ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео
ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады
Цирк, архивтегі сурет

Қазақстандық цирк әртісі Қытайда комаға түсті

14
(Жаңартылды 09:15 28.05.2020)
Ер адам бірнеше жылдан бері қытайлық циркте жұмыс істеген. Оның сақтандыруы емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Қостанай қаласының тумасы 17 мамырда Қытайдың Гуанчжоу қаласында комаға түсті.

Алдын ала болжам бойынша сепсис диагнозы болуы мүмкін, деп жазады "Костанайские новости". Дерттің нақты себебі сараптама қорытындысы бойынша белгілі болады.

Ер адамның денсаулығының күрт нашарлауына денесіндегі сынықтар себеп болуы да мүмкін. Қазақстандық циркте ат үстінде қиын жаттығулар жасаған.

Басылым әртіс карьерасын Рудный қаласындағы "Юность" цирк студиясында бастағанын жазады. Алматыдағы цирк училищесін тәмамдаған. Кейін Қытайда жұмыс істеуге ұсыныс түсті.

Ата-анасы Рудныйда тұрады, ер адам Қытайда әйелі және баласымен болған. 

Қазақстан елшілігі ер адамды елге жеткізуге көмектесетінін жеткізді. 3 маусымда Қытай Қазақстанға медициналық көмек тиелген ұшақ жібереді. Алайда ер адам комадан шықпаса, тасымалдау мүмкін емес екені айтылды.

Тағы оқыңыз: Цирк әртісі сахнадағы қойылым кезінде биіктен құлап кетті

Қытай клиникасындағы реанимациялық палатада бір күн жату 1 500 доллар. Қазақстандық қытайлық циркпен келісімшарт жасасқан. Алайда сақтандыру емделуге жұмсалатын шығынды өтеуге жетпейді. Клиникадағы 10 күн үшін ер адамның туыстары 25 мың доллар төлеген. Бұл ақшаны жинауға цирк директоры, әріптестері мен туыстары көмектескен.

Ер адамның ата-анасы пәтерін сатты. Дегенмен бұл қаражат та жетпеген. Туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.

14
Кілт сөздер:
кома, Қытай, цирк әртісі, қазақстандықтар
Тақырып бойынша
Цирк әртісінің биіктіктен құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды
Астанада жас хоккейшіге қақпа құлап кетті: бала комада жатыр  
Пойыз апатынан зардап шеккен балалар комада жатыр – дәрігерлер
Цирк әртісі көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты
Хабиб Нурмагамедовтың әкесі комаға түсті - БАҚ