Боран

"Instagram-да беталды нәрсе жазбаңдар!": қар тазалаушы үндеу жолдады

340
(Жаңартылды 13:54 12.02.2020)
"Астана Тазалық" компаниясының қызметкері қанша жұмыс істесе де, жамандайтын астаналықтарға ренішін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Елорда әкімінің халыққа есеп беруі кезінде қар тазалаушы Татьяна Николаевна астаналықтарға өтініш білдірді. "Астана Тазалық" компаниясының жұмыскері өз үндеуін қазақ тілінде жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менің жұмыс істегеніме 14 жыл болды. Қазір бәрі "Астана Тазалықты" жамандайды. Мен сол үшін келдім. Мәселен, біз өзіміз жақын жердегі ауылдардан келеміз. 80-100 шақырым жүреміз. Түнгі сағат екі жарымда тұрамыз. Кеш қайтамыз", - деді Татьяна Николаевна.

Оның айтуынша, қанша жұмыс істесе де, әлеуметтік желілерде "Астана Тазалық" компаниясын жамандайды.

"Еститініміз бір – "Астана Тазалық" жұмыс істемейді, тротуар быт-шыт, әкімдікке айтамыз дейді. Біз тер төгіп, ақша табамыз. Бізге қиын. Техника бар. Бірақ адам аз. Мысалы, мен өзім екі әйелмен "погрузкада" жүремін. Қар көп, су-су болып жатады. Оны тиеу де оңай емес. Нанбасаңыз, менімен бірге таңғы сағат алтыда шығыңыз. Сыпырғыш пен күрек алып, түнгі онға дейін жүріп көрсін. Сосын бізді жұмыс істей ме, істемей ме, өздері көрсін. Ондай сөзді айтпаңдар. Instagram-да беталды нәрсе жазбаңдар", - деді ол. 

Алтай Көлгінов коммуналдық қызметтерге алғыс білдіріп, қар тазалап жүрген жұмыскерлерге сыйақының көптеп берілетінін жеткізді. Әкімнің сөзіне қарағанда, қала тұрғындары қар тазалаушы болып жұмыс істегісі келмейді. Содан осы жұмысқа, көбінесе, ауыл адамдары келеді. Олардың көбісі қаланың сыртында тұрады.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда бораннан кейін тонналаған қар ерітіліп жатыр – ғажайып машинаның видеосы 

"Мысалы, үшінші боран болғанда ол кісілер қалаға келе алмай қалды. 400-500 адамдай облыстан келе алмай, қиындықтар туындады. Себебі қалада тұрып, жұмыс істейтін адамдар аз. Сондықтан осы кісілердің жұмысын бағалайық", - деді Көлгінов.

Ресми мәліметке сәйкес, биыл астанада қар нормадан үш есе артық түсті. Осы уақытқа дейін 2 миллион текше қар шығарылды.

"Қазір жолдардың бәрі таза. Біз аулалардың ішіне кірдік. Жеке секторда да қар тазаланып жатыр. Енді биыл қар өте көп түсті. Үш бораннан өтті. Құдайға шүкір, адам шығыны жоқ. Енді су тасқынына қарсы штабты жасақтадық. Барлық қызметті күшейттік, қосымша техниканы сатып алдық", - деп атап көрсетті Көлгінов.

340
Кілт сөздер:
тазалық, қар
Тақырып бойынша
Қазақстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай жариялануы мүмкін
Қоқыс тазалаушы жігіттің жанайқайы: дәрігерлер 6 айдан кейін өлесің деді
Нұр-Сұлтанда 60-қа тарта адам қар құрсауынан құтқарылды
Далада боран соғып тұрса, жұмыстан ерте кетуге бола ма – министрліктің жауабы
Ішкі істер министрлігі омбы қардың астында қалған көліктер туралы айтты
Шығыс Қазақстанда үйінен шыға алмай қалған ауыл тұрғыны видео жариялады
Телефонмен сөйлесіп тұрған медицина қызметкері

Медициналық көмек көрсететін 18 ұйымның бір жарым мыңнан астам кемшілігі анықталды

116
Мамандар анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына тексеріс жүргізу нәтижесінде, Түркістан облысында 18 жеткізушінің көрсеткен қызметінен 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мәлімдеді.

Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханованың айтуынша, осы күндері мемлекеттік тегін медициналық көмек кепілдігі шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіліп жатыр.

"Маусым-шілде айының қортындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1 167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9,6 миллион теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Қор өкілдері бүгінгі таңда алдымен жеткізушілер тұрғындарға тиісті   медициналық қызметтерді көрсететінін айтады.

"Көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қарай қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Егер кемшіліктер анықталмаса, ақысы төленеді, ал кемшіліктері болса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады", – дейді Төреханова.

Қандай кемшіліктер жиі кездеседі

Анықталған кемшіліктердің басым көпшілігі жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Яғни, шілде айында пациенттер қызметтің осы түрін алғандығы ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Жалпы, өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облысы мен Алматы қаласында жиі кездеседі. Ал Павлодар, Жамбыл, Ақмола облысында кемшілік аз анықталған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылау жүргізіп, пациенттің құқығын қорғауда және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруде септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

116
Кілт сөздер:
кепілдендірілген тегін медициналық көмек, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
Сағынтаев: халық әлі сапалы медициналық көмек ала алмай отыр
Сенат Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету туралы келісімді қабылдады
Тегін медициналық көмек пакеті қайта қаралады
Қазақстандықтар 1 сәуірден МӘСҚ аясында медициналық көмек алады
Назарбаев Сағынтаевқа: медициналық қызмет нашарлап, білім алу қымбаттап барады
коронавирус

Денсаулық министрлігі екі тәулікте қанша адам қайтыс болғанын жариялады

1024
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр, олардың арасында 45 бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда соңғы екі тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, соңғы екі тәулікте коронавирустан жеті адам, ал пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 45 бала бар. Стационарларда 1 808 науқас, 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы, науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 адамның жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 22 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте  64 адамнан коронавирус анықталса, 229 адам пневмонияға шалдыққан.

Жалпы, наурыздан бері 107 723 адам коронавирустық инфекция жұқтырып, 1 722 адам қайтыс болды.

Ал 1 тамыздан бері коронавирус белгілері бар пневмонияға 32 452 адам шалдығып, 349 науқас көз жұмды.

1024
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы