Ақорда

Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты басшыларды Ақордаға шақырды

1168
Мемлекет басшысы алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиынға ведомстволардың және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

"Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты алдын алу және ақпараттық жұмыстар жөніндегі мәселелер қарастырылды", - деп жазды Ақорда.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына алдағы уақытта мұндай оқиғаларға жол бермеу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстан президенті жалған ақпарат тарату және арандату сипатындағы кез келген әрекеттің жолын кесіп, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарды күшейтуді талап етті. 

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда ауданда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Бақытбек Смағұл: Қазақ бағынған заң дүнгенге де, басқасына да ортақ  

Зардап шеккен 176 адам медициналық көмекке жүгінген, 41-і ауруханаға жатқызылды. Он адам көз жұмды. 13 ақпанда екі күн бұрын Масанчи ауылында үйінді астынан бір адамның денесі табылғаны белгілі болды, оның 7 ақпандағы тәртіпсіздік салдарынан немесе басқа жағдайда қаза болғанын сараптама нәтижесі бойынша анықталады.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу) мен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қордайдағы оқиғадан кейін 25-тен астам қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі ауысты. Қордайдағы жағдай президенттің тікелей бақылауында. 

1168
Кілт сөздер:
жаппай төбелес, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (60)
Тақырып бойынша
Бас прокурордың орынбасары қазақстандықтарға үндеу жасады
Қордайда дүнгендермен кездескен мәжіліс депутаты эмоциясын ұстай алмады
Қордайдың халқы тағы жиналды  
Қарақат Әбілдина желідегі шулы жазбасы жайлы: "Дүнгендерді жақтамадым"
"Бәрі қорқып қалған": Мектеп директоры қазір Масанчиде не болып жатқанын айтты  
Дүнгендер қоғамдық бірлестігінің басшысы желідегі шулы жазбаға пікір білдірді
Загрузка...