Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара

Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" бекеті уақытша жабылғалы жатыр

2813
(Жаңартылды 14:26 14.02.2020)
Шекара қызметінің ақпаратынша, автокөлік өткізу бекетін қайта қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталатыны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" автокөлік өткізу бекеті жөндеу жұмыстарына байланысты 20 ақпаннан бастап жабылады. Жаңғырту жұмыстары қашан аяқталатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 ақпаннан бастап қазақстандық тараптан "Қордай", ал қырғызстандық тараптан "Ақ жол" өткізу бекеті жабылады. Ол жерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз", - деді шекара қызметі баспасөз қызметінің басшысы Қанатбек Сұлтанов.

Екі елдің азаматтарына күн сайын таңғы 06.00-ден түнгі 00.00-ге дейін әрі-бері жаяу өтуге рұқсат етіледі. Олар тек қол жүгін алып өте алады.

Шекара қызметі көліктер мен шетелдіктерді өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктерін пайдалануға кеңес берді.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу бекеті 2020 жылы толығымен жаңғыртылатынын хабарлаған еді. Жөндеу жұмыстарынан кейін "Қордайда" ұзын-сонар кезек азайып, қазақстандықтар үшін шекарадан өту жеңілдей түспек.

Тағы оқыңыз: Қордайдың халқы тағы жиналды

"Қордай" автокөлік өткізу бекеті Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің аумағында орналасқан.

Айта кетсек, қазір екі ел арасында 11 автокөлік өткізу пункті бар.  Олардың бесеуі – көпжақты халықаралық, ал алтауы – екіжақты.

2813
Кілт сөздер:
жөндеу жұмыстары, Қазақ-қырғыз шекарасы
Тақырып бойынша
Сапарбаев Қордай ауданындағы қазіргі жағдай жайлы айтты
Қордай ауданының қос ауылындағы оқиғалар бір-бірімен байланысты ма?
ІІМ Қордай маңындағы жол апатынан кейін видео таратты
Әбден әлсіреген балалар Қордай ауруханасына түсті: дәрігерлер мән-жайды айтты
Қордай маңындағы апат: көз жұмған он бірінші адамның азаматтығы анықталды
Қордай ауылын үрейде ұстаған қанды қол қылмыскерлер ұсталды
Қордай ақсақалдары Бердібек Сапарбаевқа не болғанын айтып берді
Ақсақалды кім ұрды - Қордай тұрғындары оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді
Қордай тұрғындары Сапарбаевтан ұсталғандардың тағдыры туралы сұрады
Белгілі қазақстандық актер Әділ Ахметов

Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды

170
Әділ Ахметов – театр және кино актері ғана емес, Жастар театрының алғашқы күнінен бастап еңбек етіп жүрген майталман маман, деп атап өтті Аида Балаева  

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Белгілі қазақстандық актер Әділ Ахметов Жастар театрының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Барша астаналықтар үшін сүйікті Жастар театрының басшылығына Әділ Ахметовтың тағайындалғанын үлкен қуанышпен қарсы алдым. Әділ – белгілі театр және кино актері ғана емес, осы театрдың алғашқы күнінен бастап еңбек етіп жүрген майталман маман", - деп жазды ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында.  

Осы орайда, министр Әділ мен театр ұжымын шын жүректен құттықтады.

"Сөз жоқ, бұл қуаныштың түбінде осынау театрдың негізін қалап, талантты да талапты дарындардың басын бір арнада қосқан театрдың көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай ағамыздың еселі еңбегі жатыр", - деп атап өтті ол.

Балаева театрдың жаңа басшылығы осындай жылдар бойы қалыптасқан жылы дәстүрді жалғап, өнер ұжымын келешек шығармашылық жеңістерге жетелейді деп сенім білдірді.

Әділ Ахметов туралы не білеміз

Әділ Ахметов 2002-2006 жылдары Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Драма және кино актері" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын "Мен" театрында бастап, 2007 жылы Астана қаласы Жастар театрының негізін қалауға атсалысқан.

"Кек", "Қалжа", "Елім-ай", "Астана – махаббатым менің", "Армандастар", "Алдар көсе", "Парыз", "Жаужүрек мың бала",  "Қара шаңырақ", "Томирис", "Анаға апарар жол" және тағы басқа фильмдерде ойнаған. 

"Дарын" жастар сыйлығының лауреаты. "Халық сүйіктісі" ұлттық сыйлығының иегері.

170
Кілт сөздер:
кино, театр, Әділ Ахметов
Тақырып бойынша
Режиссер Обаев Әуезов театрындағы жанжал туралы: шындықты неге бұрмалайды?
Режиссер Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлыққа ие болды
Әртістерге басу айтуға барған мәдениет министрі даудың ортасында қалды
Сәбит Әбдіхалықовтың орнына жаңа басшы келді
Пандемия кезіндегі театр: "Астана Операда" алғашқы концерт өтті
Архивтегі фото

Біз ұйықтап жатқан жоқпыз "Ауыл" партиясы

306
Қуаныш Сейітжанов партия қатарында бес жылдың ішінде қоғамға пайдасын тигізген, әсіресе, ауыл халқының жағдайын білетін, білімі мен білігі сай азаматтар баршылық екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. "Ауыл" партиясы өзін тек сайлау кезінде ғана оянады деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ел аманаты" жалпыұлттық сауалнамасына арналған онлайн брифингте журналистердің бірі "Ауыл" партиясының парламент сайлауына қатысты жоспарын сұрады.

"Соңғы өткен парламенттік сайлаудан кейін "Ауыл" партиясы қандай жұмыстар атқарды және оны неге ешкім естімейді? Партия тек сайлау алдында оянатын сияқты әсер қалыптасады. Жалпы алдағы парламент сайлауында қанша дауыс жинауға үміттеніп отырсыздар?", - деп сұрады БАҚ өкілі.

"Жаңағы айтылған бес жылдың ішінде біз ешқашан да ұйықтап жатқан жоқпыз. Әлеуметтік желілердегі ақпараттарды анда-санда ақтарып отырсаңыздар, көз жеткізесіздер. Бес жылдың ішінде қоғамға пайдасын тигізген, әсіресе, ауыл халқының жағдайын білетін, білімі мен білігі сай азаматтар ішкі іріктеуде жоқ емес, бар", - деді "Ауыл" партиясы орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов.

Ол "Ауыл" партиясының негізгі мақсаты – парламентке ену екенін атап өтті.

"Енді қанша пайызға есеп құрып отырсыздар деген әзірге артықтау болатын шығар", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жалпыұлттық сауалнама басталды 

Қазақстанда парламент сайлауы жақындап келеді.

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Осылайша, мәжілістің қазіргі шақырылымының өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Заң бойынша мемлекет басшысы парламент сайлауының датасын 2020 жылдың 24 қазанына дейін белгілеуі тиіс.

306
Архивтегі фото

Ұшақ Алматыны бір сағат айналып ұшты: Air Astana не болғанын түсіндірді

0
Қалада тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен оқу-жаттығу өткен, ұшақ бортында жолаушылар мен бортсеріктер болмады

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Сәрсенбіде Air Astana ұшағы бір сағат бойы Алматы аспанын айналып ұшты. Flightradar24 мәліметінше, әуе кемесі қаланы бірнеше рет айналған.

Әуе компаниясы бұл оқу-жаттығу екенін мәлімдеді.

"Алматы аспанын айналып ұшу кезінде аэродромдық дайындық жасалды, бұл жаңадан келген ұшқыштарға – курсанттар немесе ұшақтың басқа түрлерін басқарған ұшқыштарға арналған ұшу дайындығының бір бөлігі болып саналады", - деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға Air Astana баспасөз қызметі.   

Аэродромдық дайындыққа "конвейерден" ретті ұшу (қонғаннан кейін ұшу-қону жолағында тоқтамай), схема бойынша Алматы әуежайы аймағында айналып ұшу, кейін қонып, екінші айналымға кету кіреді.

"Жолаушыларға жақындауға қорықтым": бортсерік басынан кешкен жағдайды айтып берді

Кадеттің дайындық дәрежесіне қарай, әр ұшқыш күніне төрт сағаттан алты сағатқа дейін ұшады.  

"Қазіргі таңда жаңа ұшқыштар көптеп келіп жатқанына байланысты мұндай оқу-жаттығу айына 2-4 мәрте өткізіледі", - деп атап өтті Air Astana.  

Мамандар оқу-жаттығу тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен өтетінін баса айтты. Сонымен бірге бортта жолаушылар мен бортсеріктер болмайды.  

0
Кілт сөздер:
Алматы, Эйр Астана, ұшақ