Нұр-Сұлтанда қар жауып тұр

Нұр-Сұлтанда көшеде құлап қалған депутат ашуланып кетті

7772
Мәслихат депутаты Мирас Шекенов тротуар дұрыс тазаланбағандықтан, көшенің қақ ортасында құлап қалған

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының аудан әкімдіктері елорданы қар мен мұздан дұрыс тазарта алмай отыр. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясында депутаттар төрт аудан әкіміне осындай сын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат Мирас Шекенов елорданың коммуналдық қызметін сынға алды. Айтуынша, олар қала көшелерін тазалау кезінде жаяу жүргіншілер жолына тиісті назар аудармайды.

"Кеше ғана өзім құлап қалдым. Тротуарлар мен көшелер шала тазаланып жатқанын көріп отырмыз. Боран екі апта бұрын болды, ал омбы қар әлі жатыр. Қала таза болуы тиіс", - деп ашуланды ол.

Ал депутат Рәмзия Өмербаева елорда мектептерінің айналасын су басуы мүмкін екеніне алаңдады. Себебі қазір әкімдіктер білім беру мекемелерінің аумағынан қарды шығаруға көмектеспейді.

Бұдан бөлек, депутаттар "Астана Тазалық" ЖШС басшылығынан қар ерітетін үш машинаның жұмысы туралы сұрады. Олардың айтуынша, қысқы кезеңде екі машина 1 миллион 230 текше метр қар ерітуі тиіс. Ал осы қыста бұл машиналарда тек 20 мың текше метр қар ерітілген.

Елордалық компанияның өкілі қар еріту машиналары компанияның қалтасына салмақ салып жатқанын мәлімдеді. Өйткені қар еріту үшін дизельді отын көп керек. Қымбат техниканың тоқтап тұрған себебі де осы.

Қыс басталғалы бері қалалық коммуналдық қызметтер полигонға 295 мың 362 рейс орындап, 3 миллион 691 мың 859 текше метр қар шығарды. 27 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі енгізілді.

7772
Кілт сөздер:
депутат, қар, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
"Instagram-да беталды нәрсе жазбаңдар!": қар тазалаушы үндеу жолдады
Алтай Көлгінов елорданы қар басқанда жылы жаққа неге ұшып кеткенін түсіндірді
Нұр-Сұлтанда 60-қа тарта адам қар құрсауынан құтқарылды
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1199
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1199
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

139
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

139
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы