Астанадағы көліктер

Газбен жүретін көліктерге қатысты тағы бір ереже белгілі болды

6014
(Жаңартылды 19:27 16.02.2020)
Жол жүру ережесіне өзгеріс енгізіліп, газбен жүретін көліктерге арнайы белгілі орнатылады. Олардың нобайы әзірленіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Көлігі газбен жүретін қазақстандық жүргізушілер темір тұлпарына арнайы белгі орнатуға міндеттелуі мүмкін.

Знаки для автомобилей на газу
© Sputnik /
Көлігі газбен жүретін қазақстандық жүргізушілер темір тұлпарына арнайы белгі орнатуға міндеттелуі мүмкін

Төтенше жағдайлар комитетінде тиісті эскиздер әзірленді. Жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.

Знаки для автомобилей на газу
© Sputnik /
Газбен жүретін көлікке арналған белгі

"Белгілердің нобайы дайын. Оның біреуі паркингке кірген кезде күзетші көретіндей етіп орналасуы керек. Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес, көлікке қосымша құрылғы орнатылса, жол полициясы техникалық паспортқа арнайы белгі жасайды. Жүргізуші өздігінен қоя сала алмайды", - деген болатын комитет төрағасы Владимир Беккер.

Көлігіне газға арналған құрылғы орнатқысы келетін жүргізушілер өтініш жазуы керек. Қазақстанда техникалық төлқұжатта мұндай белгі жасалады.

Тағы оқыңыз: Газбен жүретін көлікке cалынатын айыппұл мөлшері жарияланды

Еске сала кетсек, қаңтардың бірінен бастап Қазақстанда газбен жүретін көліктерді тұрғын үй паркингіне қоюға тыйым салатын ереже күшіне енген болатын.

Мамандардың айтуынша, елдегі құрылыс нормасына сәйкес, мұндай көліктердің тұрғын үйдегі паркингке қойылуына рұқсат етілмейді.

6014
Сыбайлас жемқорлық

Сөмкесінен екі бума ақша шықты әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

26
(Жаңартылды 13:49 28.05.2020)
Әкім аппаратының жетекші қызметкері мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазмды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады. 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ұсталған шенеунік – "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде істейтін жетекшілердің бірі. Ол мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлермен алдын ала сөз байласу арқылы 9,9 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.

Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

26
Кілт сөздер:
пара, сыбайлас жемқорлық, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады
Ант қабылдау рәсімінен кейін

Биыл әскери ант қабылдауға ата-аналар қатыса ала ма?

21
Жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімінен фото немесе видео түсіріп, отбасына жолдай алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Коронавирус пандемиясына байланысты әскери бөлімдерде ант қабылдау рәсіміне ата-аналар шақырылмайды. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл сайын әскери ант қабылдау шарасына азаматтардың ата-анасы мен туған-туыстары шақырылатын. Биыл пандемияға байланысты туған-туыстар ант қабылдау рәсіміне шақырылмайды. Бірақ әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды ескеріп, ара қашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізіледі", – деді ол онлайн брифингте.

Десе де, жас сарбаздар салтанатты ант қабылдау рәсімін фото немесе видеоға түсіріп, отбасына жолдай алады.

Бұған дейін Өсербаев көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру пандемия жағдайында қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Оқи отырыңыз: Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге орналастырылады, сонымен қатар коронавирусқа ПТР тест тапсырады.

21
Кілт сөздер:
сарбаз, ант, әскери
Тақырып бойынша
Қазақстанда әскери қызметке өзгеріс енгізіледі
Қазақстанда әскерге шақыру тоқтатылды
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды