Назарбаев жаңа қызметіне кіріскен Тоғжановты қабылдады

Назарбаев жаңа қызметіне кіріскен Тоғжановқа не деді?

3742
Кездесу барысында Елбасы жаңа премьер-министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановпен кездесті.

Кездесу барысында Елбасы жаңа премьер-министр орынбасарының алдында денсаулық сақтау, білім беру және жұмыспен қамту салаларын дамытуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруда маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Елбасы сайты. 

"Өткен жылдан бері әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында көптеген жұмыс атқарылды. Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет. Тұрғындармен кездесу керек. Қабылданған шараларды түсіндіру маңызды", - деді Назарбаев Тоғжановқа.

Елбасының айтуынша, жаңа қызметіне кіріскен премьер-министр орынбасарының бұл салада тәжірибесі мол. 

"Еліміздің екі өңірінде, Қазақстан халқы Ассамблеясында қызмет еттіңіз. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істедіңіз", - деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз: Депутат Қордайдағы қақтығыстан кейін Ассамблеяны жабу керек дегендерге сәлем жолдады

Ералы Тоғжанов 11 ақпан күні премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалған болатын. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Бердібек Сапарбаев Қордайдағы тәртіпсіздіктерден кейін Жамбыл облысының әкімі болды.  

3742
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, Ералы Тоғжанов, Назарбаев
Тақырып бойынша
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
"Қорқатын ештеңе жоқ": Алматының дүнгендері қалай тұрып жатқанын айтты
Мемлекет ақшасына достарына дастарқан жайған министр жұмысынан айырылды
Қордай ауданында әскери қызметшілер бес адамды құтқарып қалды
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары тағайындалды
Ұялы телефон, архивтегі сурет

Мемлекеттік мекемедегі трагедия: марқұмның әкесі Назарбаев пен Тоқаевқа үндеу жолдады

28
Марқұмның әкесі ұлы департамент ғимаратының терезесінен өзі секірген жоқ, оны лақтырып жіберді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматыда экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп көз жұмған ер адамның әкесі Елбасы мен президенттен көмек сұрады.

Марқұм Ерлан Қоныспаевтың әкесі Сапарқали Қонысбаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы екен.

Айтуынша, ұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс отбасының соңғы 30 жыл бойы айналысқан жұмысымен байланысты. Пандемия кезінде Алматының экономикалық тергеу департаменті жалған қылмыстық іс қозғаған.

"Үйде заңсыз тінту жүргізіп, компьютерлер мен құжаттарды тәркіледі. Ар-намысты қорлап, бізге үлкен моралдық қысым көрсетті", - деп мәлімдеді Сапарқали Қоныспаев.  

Ол 22 қыркүйек күні марқұм ұлын экономикалық тергеу департаментіне алдап шақырды деп санайды.

"Тергеуші іс жабылатынына сендірді. Бірақ, түннің бір уағында суыт хабар алдым: ұлымның көз жұмғанын хабарлады. Оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Ұйым басшылығының бұдан хабары болғанын сезіп отырмын", - дейді Сапарқали Қоныспаев.

Айтуынша, Ерлан Қоныспаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс бір ведомстводан екіншісіне тапсырылып, баптар өзгертіліп жатыр.

"Ерланның бірнеше дипломы болған, Францияда білім алды. Бес тіл білетін. Артында үш баласы қалды. Ол мемлекеттік мекемеде өлтірілді. Маған, Қазақстан азаматы ретінде, осының бәріне сену қиын", - деді марқұмның әкесі.

Ол соңғы уақытта өзінің және отбасының, қызметкерлерінің өміріне де алаңдап жүргенін айтты.

"Мен тергеудің әділ өткенін қалаймын. Мен үшін бұл оқиғадағы ең маңыздысы – ол шындық", - деді ол.

Ерлан Қоныспаевтың өлімі

28 қыркүйекте Алматыда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған ер адамның экономикалық тергеу департаменті ғимаратының терезесінен секіріп қаза болғаны хабарланды.

Қаржы министрлігі қаржылық мониторинг комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, трагедия 22 қыркүйекте болған. 44 жастағы Ерлан Қоныспаев экономикалық тергеу департаменті ғимаратының бесінші қабатынан секіріп көз жұмды.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, марқұм 2016 жылы білім министрлігінің ғылым комитетінен 230 миллион теңге мақсатты грант алған. Оның 88 миллион теңгесін еншілес компаниялардың шотына аударып, қолма-қол ақшаға айналдырған. Алайда келісімшартта көзделген жұмыстар орындалмаған.

22 қыркүйекте марқұмнан күдікті ретінде жауап алынады. Қасында адвокаты да болған. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағында ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") көзделген қылмысты жасады деп айыпталды.

Тергеуші Қоныспаевтың бұған дейін сотты болғанын және жаңа ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, оны ұстау және уақытша ұстау изоляторына қамау туралы шешім қабылдайды.

Алайда тиісті хаттамалар толтырылғаннан кейін, ер адам терезеден секіріп кеткен.

Қазір бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұған қоса, қаржылық мониторинг комитеті ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр.

28
Кілт сөздер:
тергеу, Алматы
Смартфон ұстаған зейнеткер

Жаппай төбелестің бел ортасында жүрген әженің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

1142
(Жаңартылды 15:07 28.09.2020)
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жаппай төбелеске қатысты арыз-шағым түскен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарап кетті. Қолданушылар төбелестен бұрын түнгі уақытта гүл ұстаған әженің қайдан шыққанын қызу талқылап жатыр.

Видеодан бірнеше адамның төбелесіп жүргенін көруге болады. Кадрда қамзол киген әже де бар. Басында ақ орамал, қолында бір шоқ гүлі бар кейуана бір жігітті итеріп, жолдың бергі жағына өтіп кетеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Желі қолданушылары жаппай төбелестің жұмадан сенбіге қараған түні "Туысқан бар" деген жерде болғанын жазып жатыр. Алайда, көбісі төбелесті емес, түнгі уақытта гүл ұстаған әжені талқыға салуда.

Біреулер оны түнгі клубтардың жанында жиі көретінін және оның қайыр сұрап жүретінін жазса, енді біреулер төбелестің арасында жүрген әженің әрекетін әзіл-қалжыңға айналдыруда.

Оқи отырыңыз: Бокспен шұғылданып жатқан әже желідегілерді таңғалдырды

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жаппай төбелеске қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Алайда, әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін бұзақылық әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

1142
Кілт сөздер:
жастар, Алматы, жаппай төбелес
Тақырып бойынша
Шыбын өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жіберді
Зейнеткер үйде күтіп отырған 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты
Зейнеткер тұрғын үйде ілініп тұрған альпинистердің арқанын кесіп жіберді
Астанада автобуста зейнеткер әже Елбасы туралы ән шырқады
Қостанай облысындағы өрт: ер адам қаза тауып, 96 жастағы әже уланып қалды
Иллюстративті фото

Былтырғы оқиға есіне түсіп кеткен: Көңілдесін ұрып өлтірген атбасарлық сотталды  

0
(Жаңартылды 17:34 28.09.2020)
Ішімдік ішкен ер адам жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрған. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Атбасарда көңілдесін ұрып өлтірген 35 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам үйінде ішімдік ішіп отырғанда өзімен бірге тұратын әйелдің 2019 жылы желтоқсан айында таныс адамымен көзіне шөп салғаны есіне түскен. Қызғаныш сезімі билеп, әйелден өшін алуға ұмтылған.

"Ол жатын бөлмеге кіріп, әйелді бауыр тұсынан бір ұрады. Ол қатты соққыдан сылқ ете түседі. Бірақ ашуға булыққан ер адам онымен тоқтамаған, басынан және бетінен ұрғылай берген. Әйел есінен танып қалғаннан кейін есікті құлыптап, далаға шығып кеткен. Сол күні үйге келмеген", - дейді полицейлер.

Келесі күні қайтып келгенде үйдің іші тым-тырыс болған. Көңілдесі жатын бөлмеде сол күйі қозғалмай жатқанын көрген.

Полицейлер атап өткендей, ер адамның зәресі ұшып, қылмыстық жазадан құтылудың амалын іздей бастайды. Содан әйелді далаға сүйреп шығарып, мәйітін жерқоймаға тастап, қашып кетеді.

"Жәбірленуші жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Біршама уақыттан кейін миы ісініп кеткен", - делінген сот-медициналық сараптамада.

Оқи отырыңыз: Түркістанда әйелін пышақтап өлтірген прокурорға сот үкімі шықты 

Қаскүнем тағы бір қылмыс жасайды. Көрші келіншектің кетіп қалғанын пайдаланып, үйіне түскен. Сол жерден ыдыс-аяқ пен тосап ұрлаған.  

Сот оны Қылмыстық кодекстің екі бабы – денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және ұрлық бойынша жазаға тартып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

0
Кілт сөздер:
көңілдес, Атбасар
Тақырып бойынша
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Үйлену тойына ақша жетпеген: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды
Ер адам үйлену тойынан кейін әйелін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығарды
16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді