Қоғам

Коронавирус тараған кемедегі қазақстандықтар елге қайтарыла ма – министрдің жауабы

© REUTERS / KIM KYUNG-HOONЧисло заболевших коронавирусом на круизном лайнере Diamond Princess выросло до 20
Число заболевших коронавирусом на круизном лайнере Diamond Princess выросло до 20 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лайнер бортында барлығы 3 700 адам бар. Қазіргі кезде лайнерде 454 адам індетке шалдыққаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, коронавирус тараған лайнердегі қазақстандықтарды елге қайтару мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов лайнерде қамалып қалған қазақстандықтар коронавирус жұқтырмағанын айтты. Қазақстан билігі олармен тікелей байланыста.

"Олар өздерін жақсы сезінеді. Араларында вирус жұқтырғандар жоқ. Біз қазір сыртқы істер министрлігімен азаматтарымызды елге қайтару мәселесін пысықтап жатырмыз", - деді ол үкімет кулуарында.

5 ақпанда Жапонияның жағасында Diamond Princess круиздік лайнердің карантинге қойылғаны туралы хабар тарады. Гонконгтің 80 жастағы тұрғынында коронавирус анықталған. Кейінірек тағы бірнеше жолаушының вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Тағы оқыңыз: Карантинде болған қазақстандық студенттер ашық сұхбат берді

Лайнер бортында барлығы 3 700 адам бар. Қазіргі кезде лайнерде 454 адам індетке шалдыққан. Карантин 19 ақпанға дейін жалғасады. Кеме 20 қаңтарда Иокогамадан шығып, 3 ақпанда қайтып келген. Бортта Қытайдың бір азаматы болған. Ол Гонконгтен түсіп, ауырып қалды.

Жаңалықтар
0