Планшет, ноутбук

Тоқаев интернетті қымбаттатпауды тапсырды

135
Президент елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді тапсырды 

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком"АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, "Смарт Ақкөл" жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Сонымен қатар Қуанышбек Ескеев Қазақстан президентіне "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының "Kcell" және "Tele2" компанияларының акцияларын сатып алғаны, олардың жұмысын интеграциялау шаралары, мобильді қызмет жобасының жүзеге асырылуы жөнінде де мәлімет берді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев интернет мәселесіне қатысты тапсырма берді

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Ескеевке елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырды.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде интернет пен ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымданды. Youtube, Google, Telegram және өзге де желілер жұмыс істемеді.

Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрсе де, барлық ақпарат ресурсының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды.

135
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, интернет
Тақырып бойынша
Біздің Қытаймен қарым-қатынасымыз керемет - Тоқаев
Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті
Тоқаев "Жусан" операциясы кезінде көмектескен Кувейтке алғыс айтты
Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті
Қазақстандықтарды алаңдатқан мәселе министрді де айналып өтпеді
Тоқаев заманауи үлгідегі әскери техникалармен танысты  
Астана прокуратурасы

Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

44
(Жаңартылды 16:19 28.05.2020)
Сот-медициналық сарапшылар анықтағандай, қоғам белсендісінің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан прокуратурасы қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу қоғам белсендісі көз жұмғанға дейінгі оқиғалардың хронологиясын жасады.

"Ағаділ ешқайда кетпеу туралы қолхаттың талаптарын орындамай, тергеу органдарынан жалтарған күдікті болатын, оған іздеу жарияланды. Осы себептерге байланысты сот бұлтартпау шарасын қамауға алмастырды. Осылайша, сот шешімін орындаған полиция қызметкерлері Ағаділді ұстау және оны қамауға алуды заң аясында жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Ағаділдің өлімінің себептері мен мән-жайын тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен жоғары санаттағы кардиологтан құралған комиссия жеті тексерді.

Олардың қатарында белсендінің жақын туыстарының өтінішімен тартылған сарапшылар да болды.

Ағаділдің өліміне өткір миокард инфарктісі себеп болған, қан тамырларының жиырылып, түйілуінен қан ұйып, жүректің сол жақ қарыншасына толығымен жетпеген.

Сарапшылар марқұмның денесінен ешқандай жарақат таппаған.

Тағы оқыңыз: Ағаділдің өлімі: прокуратура мәйіттегі жарақат іздерін түсіндірді

"Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылды", - деп мәлімдеді прокуратурадан.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригада қызметкерлері ер адамның өлімін растады.

24 ақпан күні кешке Ағаділ үйінен тергеу абақтысына жеткізілген. Оған қатысты қылмыстық заңбұзушылық жасап, судья мен сот отырысына қатысушыларға тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын.

44
Кілт сөздер:
прокуратура, қылмыстық іс
Ақша, архивтегі сурет

Еліміздің әр аймағында парамен ұсталғандардың видеосы жарияланды

43
(Жаңартылды 15:41 28.05.2020)
Парақорлардың қатарында 1 175 500 теңгені кәсіпкер шотына аудару арқылы алғандар да бар. Тіпті, кейбіреулері ақша алудың амалы ретінде банкоматты да пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі парамен ұсталған лауазымды тұлғалардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Успен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлеріне тиесілі ақшаны жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Енді, шенеунік сот алдында жауап береді. 

Ал Түркістан облысында Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол атаулы әлеуметтік көмектің ақшасын тағайындап аударғаны үшін 40 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті тергеуді тездетіп аяқтауға өтініш берді. 

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің жедел бөлімінің аға жедел уәкілі тергеуге алынды. Ол жалған акциздік маркаларды қолданған кәсіпкерден 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталды.

Бұдан бөлек, ұттық экономика министрлігіне қарасты бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Шымкент қалалық департаментінің талдау бөлімінің басшысы парамен ұсталды. Қызметкер "Қазақстан теміржолы" АҚ филиалының жүк тасымалы бөлімі инженерінен 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. 

Ақтөбе қаласында облыстық полиция департаментінің қызметкері ұсталды. Патрульдік полиция инспекторы карантиндік блок-бекетті айналып өткен адамға әкімішлік хаттамаға толтырмаған. Сол үшін 15 000 теңге алды деген күдік бар.

Алматы облысында техникалық қадағалау қызметкерінің қылмысы әшкереленді. Ол Қаратал ауданында жолды күрделі жөндеу бойынша жалған құжаттарға қол қойып, мемлекетке 90 миллион теңгеден астам шығын келтірді.

Сондай-ақ, Таразда кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бұрынғы басшысы мен бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар да жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Сөйтіп, жеке кәсіпкерге бюджет қаражатын аудару арқылы 1 175 500 теңге жымқырды деген күдік бар.

43
Кілт сөздер:
пара алу, пара беру, парақорлық
Тақырып бойынша
СҚО-да карантинде кедергісіз жүру үшін полицей 1 миллион 300 мың пара алған
Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Қостанай облысында пара алған полицей видеоға түсірілді
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды

Карантин пошта жұмысына қалай әсер етті "Қазпошта" басшысымен онлайн-брифинг

0
(Жаңартылды 16:51 28.05.2020)
Sputnik Қазақстан халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы тікелей эфирінде "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің қатысуымен онлайн-брифинг өтті.

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов онлайн брифингте қазақстандықтар мен бизнеске ыңғайлы болу үшін қызметтерді одан әрі жаңарту және автоматтандыру жоспарлары, пошта бөлімшелері карантин кезінде келушілерді қалай қабылдағаны, қауіпсіздік пен қызметті жақсарту үшін қандай жағдайлар жасалғаны жайлы айтты.

0