Қоғам

Қазақстанның алты облысында жол жабылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАвтокөліктер
Автокөліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар қазақстандық жүргізушілерге боранға байланысты алыс жолға шықпауға, жылдамдық режимін сақтауға кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Бұрқасын, көктайғақ және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңыздағы автожолдардың 52 учаскесінде қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтанда төрт бағытта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:

  • Нұр-Сұлтан - Павлодар;
  • Нұр-Сұлтан - Қарағанды;
  • Нұр-Сұлтан - Щучье;
  • Нұр-Сұлтан - Атбасар.

Қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.

© Скрин с сайта map.kazavtodor.kzРеспублика бойынша шектелген жол қозғалысы картасы
Қазақстанның алты облысында жол жабылды - Sputnik Қазақстан
Республика бойынша шектелген жол қозғалысы картасы

Ақмола облысында 19 учаскеде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды:

  • Екатеринбург – Алматы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы кентіне дейін;
  • Жезқазған – Петропавл, Қостанай облысының шекарасынан Знаменка кентіне дейін;
  • Қостанай - Әулиекөл – Сұрған, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін;
  • Жақсы - Есіл – Бұзылық, Есіл қаласынан Бұзылық ауылына дейін;
  • Нұр-Сұлтан - Ерейментау – Шідерті, елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін;
  • Жақсы - Есіл – Бұзылық, Жақсы кентінен Есіл қаласына дейін;
  • Екатеринбург – Алматы, Жақсы кентінен Атбасар қаласына дейін;
  • Щучье – Зеренді, Шучье қаласынан Зеренді ауылына дейін;
  • Щучье – Атбасар, Көкшетау қаласынан Атбасарға дейін;
  • Нұр-Сұлтан – Петропавл, елордадан Щучьеге дейін;
  • Алматы – Екатеринбург, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейін;
  • Екатеринбург – Алматы, Атбасардан Нұр-Сұлтанға дейін;
  • Макинск - Ақсу – Торғай, Макинсктен Торғайға дейін;
  • Көкшетау – Омбы, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
  • Көкшетау – Рузаевка, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
  • Нұр-Сұлтан – Петропавл, Щучьеден Көкшетауға дейін;
  • Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
  • Нұр-Сұлтан - Қабанбай Батыр - Киевка – Теміртау, Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
  • Нұр-Сұлтан – Қорғалжын, Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейін;

Ақтөбе облысында Комсомольское ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі Қарабұтақ – Комсомольское – Қостанай облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық.

Қарағанды облысында 8 учаскеде барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды:

  • Жезқазған – Петропавл, Ұлытау кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • Алматы – Екатеринбург, Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • Қызылорда – Павлодар, Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін;
  • Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Нұра – Теміртау, Нұра кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • Алматы – Екатеринбург, Жұмабек ауылынан Акқсу-Аюлы ауылына дейін;
  • Алматы – Екатеринбург, Қарағандыдан Теміртауға дейін;
  • Қарағанды - Аягөз – Бұғаз, Қарағандыдан Қарқаралыға дейін;
  • Қалқаман - Баянауыл - Үміткер – Керней, Ботақара кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін.

Қостанай облысында 6 учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:

  • Қостанай - Әулиекөл – Сұрған, Қостанайдан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • Жезқазған – Петропавл, Қарағанды шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • Мәмлүт – Қостанай, Тобылдан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
  • Екатеринбург – Алматы, Тобылдан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
  • Қостанай – Қарабұтақ, Рудныйдан Ақтөбе облысының шекарасына дейін;
  • Денисовка - Жітіқара - Мүктікөл – Ресей шекарасы, Денисовка кентінен Ресей шекарасына дейін.

Павлодар облысында 4 учаскеде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды:

  • Нұр-Сұлтан - Ерейментау – Шідерті, Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • Ленинский – Ертіс – Ресей шекарасы, Ленинский кентінен Ресей шекарасына дейін;
  • Қызылорда – Павлодар, Екібастұздан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
  • Омбы – Майқапшағай, Павлодарское ауылынан Ресей шекарасына дейін.

Тағы оқыңыз: Түркістанда дабыл қағылды

Солтүстік Қазақстан облысында 10 учаскеде қозғалыс тоқтатылды:

  • Екатеринбург – Алматы, Ақмола облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • Жезқазған – Петропавл, Ақмола облысының шекарасынан Новоишимское ауылына дейін;
  • Көкшетау – Рузаевка, Саумалкөл ауылынан Рузаевка ауылына дейін;
  • Мәмлүт – Қостанай, Пресновка ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • Тимирязево – Сарыкөл, Тимирязево ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • Булаево – Рощинское, Молодогвардейское ауылынан Рощинское ауылына дейін;
  • Волошинка – Тимирязево, Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейін;
  • Жезқазған – Петропавл, Новоишимское ауылынан Покровка ауыылына дейін;
  • Челябі – Новосібір, Петропавлдан Ресей шекарасына дейін;
  • Көкшетау – Омбы, Ақмола облысының шекарасынан Ресей шекарасына дейін.

ІІМ төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райы болжамымен танысып, SMS хабарламаларды оқып отыруға кеңес береді. Жүргізушілер жылдымдық режимін сақтап, алыс жолға шықпағаны абзал.

Жаңалықтар
0