Коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамды анықтауға бағытталған оқу-жаттығу

Жолаушылар пойызында коронавирус "табылды": вагон қоршауға алынды

18153
Қазақстанда пойыздарда бақылау күшейтілді, індеттің алдын алу және ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында оқу-жаттығу өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қытаймен шекаралас Достық стансасында коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамды анықтауға бағытталған оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.

Сценарий бойынша, Алматы – Достық бағытындағы №13/14 жолаушылар пойызында вирустық инфекцияның белгілері байқалған жолаушы болған.

Жоғары температура, жөтел, ентігу, жоғарғы тыныс алу жолдарының ауырсынуы секілді негізгі клиникалық белгілер анықталып, эпидемиологиялық анамнезі есепке алынып, оған белгісіз этиологияның пневмониясы деген алдын ала диагноз қойылды.

Тренировочные учения на случай выявления больного с подозрением на коронавирус
© Photo : АО "НК "КТЖ"
Жолаушылар пойызында өткен оқу-жаттығу

"Тез арада барлық қызметке хабар беріліп, күзет қойылды. Вагонды санитарлық тұйыққа шығару үшін жолаушылар вагоны ағытылды. Дезинфекция бригадасы пойыз бен вирус "жұқтырған" адам отырған вагонды дәрімен өңдеді", - делінген хабарламада.

Қорғаныс костюмдерін киген мамандар эпидемиологиялық тексеріс жүргізді. Оқу-жаттығу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, биоматериалды зерттеуге алу, Достық стансасының ауруханасына ауру адамды жеткізу мен эвакуациялау барысы пысықталды.

Тренировочные учения на случай выявления больного с подозрением на коронавирус
© Photo : АО "НК "КТЖ"
Достық стансасында коронавирус жұқтырды деген күдікке ілінген адамды анықтауға бағытталған оқу-жаттығу

Бұдан бөлек, эпидемиологтар науқастың қанша адаммен байланыста болғанын анықтады.

Достық стансасындағы оқу-жаттығулар ұйымдасқан түрде өтті. Өйткені теміржолшылар жыл сайын эпидемиологиялық, шекаралық және карантиндік қызметтермен бірлесіп осындай шараларды пысықтайды, деп атап өтті ҚТЖ-дан.

18153
Кілт сөздер:
жолаушы, пойыз
Тақырып бойынша
Коронавирус ОПЕК-ке қалай әсер етті
АҚШ елшісі Қазақстанның коронавирус қаупіне дайындығы жайлы мәлімдеме жасады
Коронавирус қаупі: карантинде болған қазақстандық студенттер ашық сұхбат берді
Коронавирус тараған лайнердегі қазақстандықтарға қатысты тың дерек айтылды
Коронавирус тараған кемедегі қазақстандықтар елге қайтарыла ма – министрдің жауабы
Сағынтаев коронавирус жайлы: Бәрі жақсы болады
Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева қазір немен айналысып жүр - желіде видео пайда болды

10
(Жаңартылды 13:07 04.06.2020)
Жастар конгресі кеңесінің төрағасы ұйымның жаңа кеңсесінде болып, отырыс өткізгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Сенаттың бұрынғы спикеріДариға Назарбаева Қазақстанның жастар конгресінің төрағасы қызметін атқарып жүр. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға ұйым растады.

"Иә, Дариға Нұрсұлтанқызы Қазақстан жастар конгресін басқаруды жалғастырып жатыр. Жақында конгресс төрағасы жұмысқа байланысты ішкі жиналысы өткізді. Ол жерде конгрестің жұмыс жоспары мен ткен жылдағы қызметінің қорытындылары талқыланды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Жастар конгресі атқарушы директорының орынбасары Әсем Мәдекешова. 

Қазақстан жастары конгресі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылды. Ұйым республикалық және халықаралық деңгейде табысты жұмыс істейтін елдің жастар бірлестіктерінің ең ірі ұйым болып саналады. 

Дариға Назарбаева Қазақстан жастар Конгресін 2016 жылдан бастап басқарады. 

2020 жылдың екінші мамырында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Палата спикері Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл қызметті ол 2019 жылдың 20 наурызынан бастап атқарды.

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін премьер-министрдің орынбасары, ал 2012

2015 жылдары мәжіліс депутаты, төменгі палатаның вице-спикері болды.

Мемлекет басшысы Парламент сенатының төрағасы ретіндегі белсенді және жемісті жұмысы үшін Назарбаеваға алғыс білдірді.

 

10
Кілт сөздер:
желі, видео, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
"Ешкім қорқытып отырған жоқ": Дариға Назарбаева несімен есте қалды
 Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасады
"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды
"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс
Ақша, архивтегі сурет

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысын ұстау сәтінің видеосы жарияланды

28
(Жаңартылды 12:39 04.06.2020)
Шенеунік Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу үшін келісімшарт рәсімдеуге қамқорлық жасаған деп күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Елорданың мәдениет және спорт басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Агенттік Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларды өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын рәсімдеуге қамқорлық жасағаны үшін 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр", – деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алулар аясында бюджеттен бөлінген қаржының жалпы сомасы 195 миллион теңге болған.

"Тергеу сотының шешімімен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", – деп атап көрсетті Биғайдаров.

Оқи отырыңыз: Ақтауда шенеуніктің көлігінен бума-бума ақша шықты – видео

28
Кілт сөздер:
пара, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Блок-бекетте пара алған шенеуніктерге қатысты сот үкімі шықты
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Қазақстанда 11 шенеунік отставкаға кетуі мүмкін
"Ешбірі баланы ойламайды": Шенеунік жатып ішер басшылар жайлы ашық жазды