Тоқаев Кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты

Тоқаев: Кардиохирургия орталығы Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба

54
Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді

НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Токаев ознакомился с работой кардиоцентра
© Официальный сайт Президента РК /
Тоқаев Кардиохирургия орталығының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Кардиохирургия орталығында көпсалалы кешеннің жұмысымен танысып, лабораториялар мен бөлімдерді аралап көрді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мектепке барып, мұғалімдермен әңгімелесіп қайтты

"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя президентке науқастарды емдеу және диагностика жасау процесіне инновация мен цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты.

Руководитель кардиоцентра рассказал о внедрении цифровых технологий
© Официальный сайт Президента РК /
Кардиохирургия орталығының басшысы цифрлық технологияларды енгізу туралы егжей-тегжейлі айтты

"Шын мәнінде, бұл орталықты озық әрі бірегей медициналық мекеме деп айтсақ артық болмайды. Әлемде мұндай орталықтар көп емес. Бұл – Елбасының арқасында жүзеге асқан жоба", – деді президент мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде.

Кездесу соңында мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің игілікті ісіне табыс тіледі.

54
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Банк картасы, иллюстративті фото

Қазпошта әлеуметтік карталарына жаңа функция енгізіледі

3
Қазір картаны еліміздің бірнеше аймағында оқушылар мен зейнеткерлер көлік ақысын төлеуге пайдаланып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Жақында әлеуметтік карталардың көмегімен қазақстандықтар дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, сатып ала алады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.

"Қазір бұл картаны оқушылар мен зейнеткерлер тауарларды жеңілдікпен сатып алуға пайдаланып жүр. Болашақта халықтың әлеуметтік осал топтарына дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, дәріханалардан сатып алып, үйге алдыруға мүмкіндік береді", - деді Сәкен Сәрсенов.   

Оқи отырыңыз: Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді 

Қазір "Қазпошта" қызметтер тізімін кеңейту бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бастапқыда Ақтөбеде оқушылар үшін "Әлеуметтік карта" жобасы қолға алынған.

"Біз бас кезінде бұл картаны мектептерде өткізу режимі, әлеуметтік тамаққа мұқтаж балаларды тамақтандыру қызметі үшін арнайы енгіздік. Сондай-ақ картаны автобус ақысын төлеу үшін пайдалануға болады. Көптеген әкімдікпен келісім жасағанбыз", - деп толықтырды "Қазпошта" басшысы.

Қазіргі уақытта картаны Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Атырау қалаларындағы студенттер мен зейнеткерлер пайдалана алады. Әлеуметтік картаны біртіндеп Қазақстанның барлық аймағында енгізу жоспарланып отыр.

"Барлық карантин шарасы аяқталғаннан кейін халық бұл картаны қолдануы үшін оны белсенді түрде шығарып, тарата бастаймыз", - деді Сәрсенов.

2020-2021 жылдары әлеуметтік карталарды Қазақстан бойынша енгізу жоспарланып отыр.

3
Кілт сөздер:
Қазпошта
Тақырып бойынша
"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы
Дрон, архивтегі фото

Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқат дронмен қалай жеткізілетінін айтып берді

9
(Жаңартылды 18:06 28.05.2020)
"Қазпошта" басшысының айтуынша, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді, онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов сәлем-сауқаттарды дронмен жеткізу қызметі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компания басшысының айтуынша, бас кезінде мұндай қызметті республика бойынша іске қосу жоспарланған. Алайда көп жерде ауа-райы қолайсыз болғандықтан қатты жел тұрғанда дронмен тапсырыс жеткізу мүмкін болмаған. Осыған байланысты ондай қызметті тек оңтүстік аймақтарда ғана қалдыруға шешім қабылданды.

"Қазіргі кезде дрондар Алматы, Жамбыл мен Түркістан облыстарында ұшады. Осы уақытқа дейін ұшқышсыз аппараттардың көмегімен 22 тонна жүк жеткізілді. Оған көбінесе хаттар мен басылымдар кіреді", - деді Сәрсенов Sputnik Қазақстан редакциясында өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, таулы аймақтарда сәлем-сауқатты дронмен жеткізу аса тиімді. Онымен біраз ақшаны үнемдеуге болады.

"Мысалы, кей кезде шалғай жатқан бір ауылға сәлем-сауқат жеткізу керек. Төтесінен 50 шақырым болса, айналма жолмен 250 шақырым шығады. Екі келі газет үшін көлік жіберген тиімсіз. Ал дрон таудан асып өтеді де, газетті тастай салады. Сөйтіп, қайтып ұшып келеді", - деп түсіндірді Сәрсенов.

"Кез келген адам ақша таба алады": Қазпошта жаңа қызметті іске қоспақшы 

Компания басшысы дронды ұшыру үшін құқық қорғау органдарынан рұқсат алынатынын жеткізді. Азаматтық авиация комитеті де өз келісімін беруі керек.

"Әлем осы қызметті біртіндеп дамытып жатыр. Алайда дрондарды қалада ұшыру жағынан бірқатар қиындық бар. Себебі ұшақтар мен тікқұшақтар ұшып жүреді. Халықтың қауіпсіздігі бар және тағы басқа шектеулер енгізілген. Сол себепті біз әзірге ондай қызметті шалғай жерде ғана дамытуды ұйғардық. Болашақта әлемдегі жағдайға қарай дрондарды қолдануды кеңейтетін шығармыз", - деп түйіндеді "Қазпошта" басшысы.

 

9
Кілт сөздер:
Қазпошта, дрон
Тақырып бойынша
Көзбен басқарылатын дрон сынақтан өткізілді
Енді дрондар шалғай ауылдарға төрт келі жүк жеткізетін болады