Полиция

Тұрғымбаев полицейлер баспанамен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

539
(Жаңартылды 16:10 21.02.2020)
Министрдің айтуынша, бүгінде тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлер саны көбейген

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғаушылар баспанамен қалай қамтамасыз етілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы алатын қызметкерлер саны көбейген. Бұған дейін ол ақша шұғыл тергеу құрылымдарына берілсе, қазірде олардың қатарына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция мен кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандар еніп отыр.

"Осылайша, бізде үйді жалға алу үшін берілетін өтемақыны баспанаға зәру қызметкерлердің 46 проценті алып жатыр. Олардың жалпы саны – 15 мың адам. Енді, тағы шамамен 17 мың адам бар. Себебі ішкі істер саласында 32 мың қызметкер тұрғын үйге зәру. Негізі, осы қолдау шаралары полицияның жұмысына оң әсер етті", - деді Тұрғымбаев сенатта өткен үкімет сағатында.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта өтемақы беру жүйесін тұрғын үй жинаққа ауыстыру жоспарланып отыр. Соның арқасында тәртіп сақшылары баспананы өз атына аудара алады.   

"Қазіргі кезде біз тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Оған сәйкес, баспананы жалға алғаны үшін берілетін өтемақылар тұрғын үй жинақтарына ауыстырылады. Ондай жүйе қорғаныс министрлігінде бар. Осыны іске асырсақ, біздің қызметкерлеріміз үйді сатып алып, оның заңды иесі бола алады", - деп атап көрсетті Ерлан Тұрғымбаев.

539
Кілт сөздер:
баспана, полиция, Ерлан Тұрғымбаев
Тақырып бойынша
Шымкент маңындағы бөлімнен қаруланған әскери қызметші қашып кетті
Подполковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды
Шымкент және Түркістан облысының полицейлері аяғынан тік тұрды
Қазығұртта мектеп ауласында болған трагедияның мән-жайы анықталды
Қытайдан келген адамдар мінген автобустарға тұрғындар тас лақтырды – видео
Полицейлер көлік шамының сынықтары арқылы ауыр қылмысты ашты
Архивтегі фото

Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

2
Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Елбасы медалі" ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы Академиясы" корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

"Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін", - деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда "Елбасы медалі" бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

"Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек", - деп түсіндірді Жанғозин.

2
Кілт сөздер:
жастар, медаль, Елбасы
Тақырып бойынша
Қазақстанда "Халық алғысы" медалі пайда болуы мүмкін
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Депутат үш дәрежелі Даңқ ордені иегерінің өмір жолы туралы әңгімелеп берді
Ақша, теңге

Елбасы қорынан кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні айтылды

1963
Ауылдық жерлерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек көрсету үшін төртінші рет қаржы бөлінуі мүмкін

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге көлемінде бір рет берілетін төлемдердің үшінші толқынын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Осы аптада шағын қалалардың, ауылдардың және ірі қалаларға жақын елді мекендерде тұратын мұқтаж тұрғындар арасынан 110 мыңға жуық отбасыға атаулы қаржылай көмек көрсетіледі", - деп жазды Байбек өзінің Instagram парақшасында.

Сонымен қатар жақында қорға қосымша қаражат түсетінін атап өтті.

"Осыны ескере отырып, Елбасы еліміздің ауыл тұрғындарына тікелей назар аудара отырып, көмекке мұқтаж қазақстандықтарға қаржылай көмектің төртінші толқынын көрсету мүмкіндігін пысықтауды тапсырды", - деді Байбек.

Ол бұған дейін 23 қаланың 360 мыңнан астам отбасы бірінші және екінші толқын аясында 50 мың теңгеден бір жолғы төлем алғанын еске салды. Jas Otan қозғалысының аясында 5 мыңнан астам ерікті 240 мың отбасыға азық-түлік себетін, медициналық маска мен қажетті тауарларды жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Түркістан облысының су басқан ауылдарының тұрғындарына нұротандықтар азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдары және жеке гигиена құралдары түрінде 1 000 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді. Birgemiz қорының қаражаты есебінен Достық ауылының тұрғындары жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Birgemiz қоғамдық қоры 2020 жылдың 20 наурызында елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен COVID-19 пандемиясы жағдайында халықтың тұрмысы төмен тобына көмек көрсету үшін құрылды.

1963
Тақырып бойынша
2020 жылы Нұр-Сұлтанда қанша отбасы жеңілдікпен пәтер алады
Әкімдікте баспана кезегі болмайды - "Отбасы банкі" қалай жұмыс істейді 
Мақтаарал ауданында 1300-ден астам отбасы мың доллардан өтемақы алды
"Birgemiz" қоры қанша отбасыға 50 мың теңгеден таратып берді
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды