Кіл, иллюстративті фото

Ұтып алған пәтерімді алмайтын болдым вице-министр

2344
Вице-министр 600 мың теңге айлық алады. Ол әйелі мен үш баласын және зейнет жасындағы ата-анасын асырап отыр

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Астанадағы ірі құрылыс компаниясы ойнатқан пәтерді ұтып алған ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов Sputnik Қазақстан тілшісіне ұтысы жайлы айтып берді.

Министр Дәурен Абаевтың орынбасары жеке пәтері жоқ екенін, туыстарының үйінде тұрып жатқанын айтты. Екі жыл бұрын құрылысқа ақша салып (ол кезде Оспанқұлов Орал қаласында тұрып, жұмыс істеген – Sputnik), құрылыс салушыдан 4 бөлмелі пәтер сатып алған. Таяуда ғана шенеуніктің пәтер сатып алғандардың арасындағы жыл сайынғы ұтысқа қатысып, бір бөлмелі пәтерді иемденгені белгілі болды.

"Ұтып алған пәтерімді алмайтын болдым. Компаниядан пәтердің бағасын есептеп, ипотекаға алған пәтердің құнынан сол соманы алып тастауды сұрадым. Ай сайын 300 мың теңге кредит төлеп отырмын", - деді Оспанқұлов.

Вице-министрдің айтуынша, ол бұл лауазымда 600 мың теңге айлық алады. Ол әйелі мен үш баласын және зейнет жасындағы ата-анасын асырап отыр.

"Мен де ер адаммын, менің де отбасым бар, жеті адам тұрамыз. Қазір пәтерім болмағандықтан, туыстарыммен бірге тұрамын. Төменнен өз күшімен көтеріліп келе жатқан қарапайым азаматпын, ауқатты отбасыдан шыққан жоқпын. Ата-анам 40 жыл ауылда медицина саласында қызмет істеді. Сондықтан бұл ұтысымды ешкіммен бөлісе алмаймын, бұл Құдайдың менің отбасыма берген мүмкіндігі", - деді ол.

"Жеңеміз деп ойламадық": Министр Абаевтың орынбасары пәтер ұтып алды – фото 

18 ақпанда Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов ұтыс ойынының жеңімпазы болып, бір бөлмелі пәтерін иемденгені белгілі болды.

Оспанқұлов үшін жағымды жаңалық қазақстандықтар арасында дау туғызды. Көбі вице-министр жеңіп алған пәтерін мұқтаж адамдарға беруге болушы еді деген пікір білдірді.

 

2344
Кілт сөздер:
вице-министр, пәтер, ұтыс
Тақырып бойынша
Ер адам көлік нөмірінің арқасында мол олжаға кенелді
Үш жасар қазақстандық бүлдіршін жәрмеңкеде автокөлік ұтып алды – видео
Қазақстан туралы сұраққа жауап берген үнді жігіті миллионер атанды
Арабтар миллион доллар ұтып алған қазақстандықты таба алмай жатыр
Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді
Загрузка...