Авиация

Қазақстан бірқатар елмен әуе қатынасын шектейді

88
(Жаңартылды 11:26 25.02.2020)
Қазақстан коронавирустың таралуына байланысты бірқатар мемлекетпен әуе қатынасын шектеуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Қазақстан коронавирус тараған бірқатар елмен әуе қатынасын уақытша тоқтату немесе шектеу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы брифингте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев мәлімдеді.

"Қазір бірінші санатқа (науқастар саны бойынша) жататын мемлекеттерге рейстерді шектеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл Оңтүстік Корея, оңтүстік-шығыс Азия елдері. Толық тізімді денсаулық сақтау министрлігі бекітеді", - деді үкіметтегі брифингте журналистер сұрағына жауап берген Ластаев.

Бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы шыққан болатын. Оған сәйкес, бірінші санатқа науқастар саны он адамнан асатын мемлекеттер жатқызылды.

Қазіргі таңда Қытайдан тыс жерде ең көп науқас тіркелген елдер: Оңтүстік Корея - 893, Жапония – 851 (олардың 691-і - Diamond Princess круиздік лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері), Италия - 229, Сингапур - 90, Иран - 61, АҚШ - 53, Таиланд - 35, Австралия және Малайзия – 22 адамнан бар.

88
Кілт сөздер:
шектеу, әуе қатынасы, Қазақстан
Тақырып бойынша
Президент Қытайда қалып қойған қызға телефон соқты – видео
Коронавирус тараған лайнерде қалып қойған екі қазақстандық елге оралады
Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптің қызыл деңгейі енгізілді
Оңтүстік Кореямен әуе қатынасына шектеу қойыла ма - Air Astana жауабы
Министрлік қазақстандықтарға 8 елге бармауға кеңес берді
Загрузка...