Масанчи

Қордайдағы қақтығыс: ішкі істер министрлігі тың дерек жариялады

4330
(Жаңартылды 11:33 25.02.2020)
Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктер кезінде адам өлтірді деген күдікпен бірнеше адам ұсталды, полиция қанша адам тергеліп жатқанын жарияламай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан — Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазқстан тілшісі.

Бұған дейін Қордайдағы қақтығыстан кейін 90 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді.

"Қазіргі уақытта адам өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес 11 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жүргізіп жатқан ведомствоаралық тергеу-жедел тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің алдын ала қорытындысын, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған, қамауға алынған адамдардың санын айта алмаймын", - деді Әділов.

Ол қамауда отырғандардың және күдікке ілінгендердің бар екенін растады. Тергеу Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басқаруымен жүргізілуде.

Қордайдағы қақтығыс

Естеріңізге сала кетсек, 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. Масанчи ауылында 11 ақпанда үйінді астынан күйіп кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды. 

Сондай-ақ, 39 тұрғын үй мен 20 коммерциялық нысан және 47 автокөлік отқа оранып, күлге айналды.

Қордайдағы жағдайдан кейін бірнеше шенеунік пен полицей қызметінен кетті, өңір басшысы ауысты. Жамбыл облысының әкімі болып вице-премьерлік қызметті атқарған Бердібек Сапарбаев тағайындалды. 

4330
Кілт сөздер:
қақтығыс
Тақырып:
Қордайдағы қақтығыс (66)
Тақырып бойынша
Дүнгендер ұйымының басшысы Қордай туралы: "Мұны істеген қазақтар емес!"
Қорғаныс министрлігі депутат Смағұлдың дүнгендер жайлы сөзін жоққа шығарды  
Дүнгендер қоғамдық бірлестігінің басшысы желідегі шулы жазбаға пікір білдірді
Ақсақалды кім ұрды - Қордай тұрғындары оқиғаның қалай өрбігенін айтып берді
Министр Қордайда ақсақалды ұрған адамның қандай жауапқа тартылғанын айтты
Дүнгендер ұйымының өкілі Қордай тұрғындарының неден қорқып отырғанын айтты
Полиция Қордай ауданының азаматын ұстады
"Қордай" өткізу бекетінде шектеу енгізілді
Загрузка...