Қылмыс

Жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі

1119
(Жаңартылды 16:21 26.02.2020)
Қазақстанда арнайы заң жобасымен жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін алғаш рет қылмыстық жаза енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр. Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысында депутаттар қылмыстық заңнаманы жетілдіру аясында сексуалды сипаттағы әрекеттер үшін жазаны күшейту бастамасын көтерді. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, арнайы заң жобасымен жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін алғаш рет қылмыстық жаза енгізіледі.

Тағы оқыңыз: "Татуласуға жол берілмейді: бірқатар қылмыстың жазасы күшейтілді

"Заң жобасына "сексуалды әрекетке мәжбүрлеу" деген түсінік енгізіліп отыр. Бұдан бөлек, адам зорлау сияқты аса ауыр қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қарастырылған. Ал кәмелет жасқа толмағандарға қатысты ондай қылмыс жасаған адамдар күштеп химиялық кастрацияға жіберіледі. Олардың психикалық жағдайына мән берілмейді", - деді Әбдіров.

Татуласуға жол берілмейді

Өткен жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға қол қойған болатын. Биылдан бастап жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстар ауыр қылмыс санатына өтті. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылады.

"Сосын педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны, жасырғаны үшін, жасырып қана қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген. Бұл әрекеттер ауыр қылмыстар санатына кіреді. Мысалы, баланың зорланғаны туралы хабар бермегендер алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - дейді прокурорлар.

Осы санаттағы ауыр қылмыстар бойынша татуласуға жол берілмейді. Ал балаларды зорлағаны үшін жаза мерзімі 20 жылдан басталады. Бұрын балаларды зорлау қылмысы бойынша жаза мерзімі 15-20 жыл аралығында, одан кейін жоғары кете беретін. Енді, тек 20 жыл және өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы болады. Баланы өлтіргені үшін тура сондай жаза қарастырылған.

1119
Кілт сөздер:
жаза, қылмыс, жыныстық қатынас
Тақырып бойынша
Қазақстанда қанша педофил бар – министрлік цифрды атады
Алматыда діни ұйым мүшелері балаларға азғындық жасады деген күдікке ілінді
Біртанов 16 жастағы жасөспірімдер үшін қандай жаңашылдық енгізілгенін айтты
Кем дегенде 20 жылға сотталады: бас прокуратура жаңа заң жобасын таныстырды
Тараздағы зорлық: тағы бір шенеунік қызметінен кетті
Қазақстанда бірнеше қылмыстың жазасы қатаңдатылды
Аурухана қызметкері

Қазақстанда тағы 476 адам коронавирус жұқтырды

1176
Өткен тәулікте вирус жұқтырған 476 адам анықталды, өсім қарқыны 4,6 процентті құраған, ауырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанда бір тәуліктің ішінде індетке шалдыққан тағы 476 адам тіркелді, деп хабарлайды жедел штаб.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Өсім қарқыны – 4,6%", - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 149 (7,6%)
  • Алматы қаласы – 117 (4,7%)
  • Қарағанды облысы – 44 (5,3%)
  • Батыс Қазақстан облысы – 41 (7,1%)
  • Маңғыстау облысы – 31 (13,8%)
  • Қызылорда облысы – 25 (7,2%)
  • Шымкент қаласы – 22 (2,7%)
  • Қостанай облысы – 12 (7,3%)
  • Атырау облысы – 12 (1,2%)
  • Жамбыл облысы – 7 (1,9%)
  • Түркістан облысы – 6 (1,7%)
  • Шығыс Қазақстан облысы – 5 (4,4%)
  • Алматы облысы - 4 (1,1%)
  • Ақмола облысы – 1 (0,7%).

Республикада вирус жұқтырғандар саны 10 858 адамға жетті. 5220 адам жазылып шықса, отыз сегіз науқас қайтыс болды.

1176
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 науқас жансақтау бөлімінде жатыр 
Сұлтанғазиев қай облыстарда коронавирус жұқтырғандар саны артқанын айтты 
Дәрігер салонға барғанда коронавирус жұқтырудан қалай сақтану керектігін айтты
Кентауда коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды
Аурухана палатасындағы медициналық аппаратура

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

138
Жұма, 29 мамырда Шымкент қаласында індетке шалдыққан 1945 жылғы науқас қайтыс болды, республикада вирустан көз жұмғандар саны 38 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Шымкентте коронавирустан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды жедел штаб.

Науқас 29 мамырда қайтыс болған. Ол 1945 жылы туған әйел.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлімін зерттеу жөніндегі комиссия пациенттің өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешімге келді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда осымен COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті.

Республикада барлығы 10382 адамда коронавирус диагнозы расталды, 5057 адам жазылып шықты.

138
Кілт сөздер:
Шымкент, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Мысық балық жеп жатыр

Коронавирус Уханьдағы базардан тараған жоқ Қытай ғалымдары

0
Сарапшылар Қытайда коронавирус жұқтырған алғашқы он үш адамның базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Коронавирус ең алғаш Уханьдағы базардан тараған жоқ. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғалымдары мәлімдеді.

Мамандар Ухань базарындағы өнімдерден COVID-19 табылмағанын айтты.  Ғалымдар инфекция адамға жарқанаттан жұқты деген болжамды растап, вирус теңіз өнімдері базарында болған науқастан тарала бастады деген пайымға келді.

Алайда сарапшылар вирус алғашқы адамға базарда емес, басқа жерде жұқты деп отыр.

Ғалымдар Қытайда ең алғаш тіркелген 13 адамның Уханьдағы базарға еш қатысы жоқ екенін дәлелдеді, деп жазады The Sun.

0
Кілт сөздер:
Қытай, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы