Қоғам

Полицейлер елорда тұрғындарын жолда барынша сақ болуға шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевМетель и буран в Нур-Султане
Метель и буран в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қосшы тасжолында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, көліктерде барлығы 18 адам болған. "Метро" мен "Кенмарт" дүкендерінің арасында 3 жол апаты болып, 8 көлікке зақым келген. Бір адам көз жұмды

АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға ескерту жасады. Қалада барлық бағыт бойынша жолдар жабылды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда және бірнеше өңірде екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды 

"Бүгін таңертең жол-көлік оқиғасы көбейді. Қосшы тасжолында 4 жол-көлік оқиғасы тіркелді, көліктерде барлығы 18 адам болған. "Метро" мен "Кенмарт" дүкендерінің арасында 3 жол апаты болып, 8 көлікке зақым келген. Полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", - делінген ақпаратта.

Полицияның мәліметінше, бүгін таңертең жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды.

"27 ақпанда сағат он шамасында 1956 жылы туған "Камаз" автокөлігінің жүргізушісі Қарағанды тас жолында "Кенмарт" сауда үйіне жетпей, "Камаз" автокөлігін қолымен ымдап тоқтатпақ болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан зардап шеккен азамат оқиға орнында көз жұмды. Оның кім екені анықталып жатыр", - деді полиция департаменті.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда абай болуға, әсіресе, балабақша, аялдамалар, жаяу жүргіншілер жолы маңында жылдамдықты бақылауға, сондай-ақ арақашықтық пен өзге де жолда жүру ережелерін сақтауға шақырды.

"Елорда тұрғындарынан полиция патрульдерінің талаптарын орындап, түсіністік танытуын сұраймыз. Жаяу жүргіншілер жолынан өткенде автокөлік ылғал және тайғақ жолда тоқтайтынын ескеру керек. Өзіңді жол апатынан сақтаудың жалғыз жолы – барынша мұқият болу, асықпау", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Кеше елордада 74 жол-көлік оқиғасы болған.

Жаңалықтар
0