Дариға Назарбаева мен Бектас Бекназаров

Назарбаеваның орынбасары түскі асқа асыққан депутаттарға ұрсып тастады

6836
Сенатта өткен парламенттік тыңдауда республиканың агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Парламенттік тыңдауға өңірлерден келген агрономдарды тыңдаудың орнына түскі асқа асыққан депутаттар сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтан сөз естіді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенатта агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері туралы парламенттік тыңдау өтті. Сағат 10.00-ге жоспарланған жиын 10.30-да бір-ақ басталды. Парламенттік тыңдауға депутаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен бөлек, облыстардан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер де келіп, мұң-мұқтажын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Депутаттардың алдында 100 пайыз орысша сөйлеген шенеунік сөз естіді

Сағат тілі түскі бірден асқанда, кей депутаттардың қарны ашқан болуы керек, сұрақ-жауапты тоқтатып, жиынды аяқтауға асықты.

Әріптестерінің бұл әрекеті Бектас Бекназаровқа ұнамай қалды.

"Бүкіл қаңтар, ақпан бойы ауыл шаруашылығына байланысты қаншама маңызды мәселе көтерілді. Енді соның қорытындысы бүгін шығайын деп отыр. Қаншама адамды шақырып отырмыз. Әрі кетсе тағы бір-екі сағат отырармыз. Келген кісілерді тыңдайық. Қайда асығамыз? Екі ай атқарылған жұмыстың нәтижесін бүгін шығару үшін кешке дейін отырсақ та болады. Бұл мәселені түбіне дейін жеткізейік. Асығудың қажеті жоқ қазір. Әзер болса, түскі асты ішпей, кешкі тамақты бір-ақ ішерміз. Онда тұрған ештеңе жоқ, - деп ашуланды сенатор.

Парламенттік тыңдауға сенат спикері Дариға Назарбаева да қатысып, сөз сөйледі. Сенат төрағасы ауыл шаруашылығын жүйесіз реформалаудың салдарынан тұтас ауылдар құрып жатқанын ашық айтты.

6836
Кілт сөздер:
сенат депутаттары, Дариға Назарбаева
Тақырып бойынша
Назарбаевтың тапсырмасын уақытында орындамағандар Нығматулиннен сөз естіді
"Өлгендер өзін қорғай алмайды": Перуашев Bek Air-дің басшылығына шүйлікті
"Сілкілеп алыңдар": Нығматулин үкіметке шүйлікті
"Уайымдап жүр" Дәленов журналистерге ұрсып тастаған орынбарасы туралы айтты
"Білдей бастықсыз, білу керек қой": Генерал-майор Нығматулиннен сөз естіді
Загрузка...