Дариға Назарбаева, фото

"Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады

19248
(Жаңартылды 16:37 28.02.2020)
Қазақстан - біздің жеріміз, біз аға ұрпақ алдында да, балаларымыз алдында да ол үшін жауаптымыз, деді Дариға Назарбаева

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы жауы жоқ. Қазақстандықтардың басты жауы жауапсыздық пен сын-қатерге дер кезінде төтеп бере алмау. Бұл туралы парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Спикер әр қабылданған шешім жіті ойластырылып, ақылға салынуы тиіс екенін баса атап өтті.

"Қазақстан - бұл біздің жеріміз. Біз аға ұрпақ алдында да, балаларымыз алдында да ол үшін жауаптымыз. Бәріміз де мұны жақсы түсінеміз. Біздің сыртқы жауымыз жоқ. Біз ешқашан ешкімге туған жеріміздің бір қарысын да бермейміз. Бұл тұрғыдан бізді ешқандай көрші ел қорқытып отырған жоқ", - деді Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері туралы парламенттік тыңдауды қорытындылап.

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның орынбасары түскі асқа асыққан депутаттарға ұрсып тастады

Бұл ретте спикер қазақстандықтардың басты жауын санамалап берді. Олар: жауапсыздық, біліксіздік, асығыс шешім қабылдау, қағаз есептер кесірінен жағдайға дұрыс баға бере алмау және әр күннің сын-қатеріне дер кезінде төтеп бере алмау.

Сенаторлар елдің аграрлық саясатының негізгі міндеті халықты азық-түлікпен 80%-ке қамтамасыз ету деп санайды.

"Бұл дегеніміз, ішкі нарықты қорғау, ауыл шаруашылығы саласының табысын арттыру, жаңа технологияларға көшу, барлық заманауи стандарттар мен талаптарға сай азық-түлік өндіру. Сол кезде біздің фермерлерге де сапа сертификатын алу үшін түрлі инстанция аралап, қағаз жинап, өнімдерінің пайдалы екенін дәлелдеп жүруге тура келмес еді", - деді ол.

Назарбаеваның айтуынша, агроөнеркәсіп кешені ұлттық экономиканың драйверіне айналуы үшін барлық алғышарттар бар.

19248
Кілт сөздер:
пікір, Дариға Назарбаева, жер
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс
"Бақылау жоқ": Назарбаева Нұр-Сұлтанда болған оқиға туралы айтты
"12 сиыр ұстаймын": директорлар Дариға Назарбаеваға шағымданды
Назарбаева Еуразиялық экономикалық одақ туралы шындықты айтты
Дариға Назарбаева реформаның салдары неге әкеп соққанын айтты
Коронавирус, вакцина

Өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды

42
(Жаңартылды 09:41 28.05.2020)
Коронавирусқа байланысты соңғы мәліметке сәйкес, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды. Өсім - 2,9%.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (3,2%)

Қарағанды облысы - 49 (7,0%)

Алматы қаласы - 25 (1,1%)

Ақтөбе облысы - 22 (7,8%)

Батыс Қазақстан облысы - 21 (4,4%)

Қызылорда облысы - 20 (6,6%)

Шымкент қаласы - 17 (2,4%)

Түркістан облысы - 17 (5,0%)

Атырау облысы - 15 (1,6%)

Алматы облысы - 14 (4,6%)

Қостанай облысы - 5 (3,8%)

Жамбыл облысы - 4 (1,1%)

Ақмола облысы - 2 (1,4%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (4,1%)

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,4%)

Маңғыстау облысы - 1 (0,6%)

Павлодар облысы - 1 (0,5%)

155 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37.

Данные по коронавирусу на утро 28 мая
© Photo :
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат, 28 мамыр
42
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды

272
(Жаңартылды 20:35 27.05.2020)
Ішкі істер министрі Алматыдағы блок бекетте болған жағдайды жеке бақылауына алды. Тұрғымбаев зардап шеккен полицейге тез сауығып кетуін тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі полицей көз жұмған жол апатынан кейін жұмыс сапарымен Алматыға арнайы барды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев навестил в больнице полицейского, пострадавшего при столкновении на блокпосту в Алматы
Ішкі істер министрі Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ведомство басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

272
Кілт сөздер:
Алматы, полицей, аурухана, министр, апат
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Бизнес, құжаттар

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлік жүргізуді қалай тоқтатуға болады

21
(Жаңартылды 10:30 28.05.2020)
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлік жүргізуді онлайн режимде тоқтата алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдана алады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеушінің салық өтінішін толтыру керек.

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Жеке кәсіпкер не істеуі керек:

  • мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық қарызын тексеру (бар болса, өтеу);
  • тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына кәсіпкерлікті жою есебін электронды түрде беру;
  • кассалық аппарат бар болған жағдайда оны есептен алу туралы салық өтінішін толтыру; 
  • электрондық үкімет порталы арқылы салық өтінішін толтыру немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының электронды поштасына жіберу.

Жеке кәсіпкерлікті кімдер онлайн тоқтата алады

Жеңілдетілген режимді қандай кәсіпкерлер қолдана алады: 

  • қосымша құн салығын төлемейтіндер; 
  • бірлескен кәсіпкерлік формасы бойынша жұмыс істемейтіндер;
  • өнім өндірмейтіндер, сатпайтындар: бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, этил спирті, алкоголь өнімі, темекі өнімі, сондай-ақ, ойын бизнесіне қатысы жоқ болса; 
  • салық және әлеуметтік төлем бойынша қарызы жоқтар.
21
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, салық, жеке кәсіпкерлер
Тақырып бойынша
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Кәсіпкерлер 1 қазанға дейін салықтан босатылды
Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр
 Дариға Назарбаева министрге кәсіпкерлердің шағымын жеткізді