Асылжан Мамытбеков

"Жоққа шығару дұрыс емес": экс-министр Назарбаеваның мәлімдемесімен келіспеді

10325
(Жаңартылды 17:56 28.02.2020)
Сенат спикері ауыл шаруашылығы саласы он жылда тоқырауға ұшырағанын айтқан болатын, экс-министр мұнымен келіспейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, Қазақстан ет одағы басқармасының төрағасы Асылжан Мамытбеков сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның сынына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Назарбаева сандық және пайыздық көрсеткіштерге қарамастан, соңғы он жылда ауыл шаруашылығы тоқырауға ұшырағанын мәлімдеген еді. Айтуынша, ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлесі 10 жыл ішінде 5%-тен аспаған, ал кейінгі жылдары тұрақты түрде төмендеп барады.

Бұл ретте кезінде ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Асылжан Мамытбеков үнсіз қалмады.

"Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы саласы тоқырауға ұшырағаны айтылды. Бұл салада проблема жоқ деп айта алмаймын. Мәселе көп, бірақ өсім мен динамиканы жоққа шығару дұрыс емес", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сөзінің дәлелі ретінде экс-министр бірнеше цифр келтірді.

2010-2018 жылдар аралығындағы экономика салаларының өсімі (2019 жылдың көрсеткіштері әлі шықпаған):

  • өнеркәсіп –  2,25 есе;
  • құрылыс – 1,98;
  • көлік – 1,7;
  • ауыл шаруашылығы – 2,45;

Оның айтуынша, 2010 жылы жалпы өнім көлемі 1,822 триллион теңгені құраған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 4,474 триллион теңгеге жетті. Өсім 2,45 есе, бұл жоғарыда айтылған экономиканың негізгі салаларының барлығынан көп.

"Жалпы ішкі өнімдегі үлесі туралы мен бұған дейін жазған болатынмын: ауыл шаруашылығы секторының ЖІӨ-дегі үлесі бойынша Африканың кедей елдері алда келеді. Гвинея-Бисауда –  62%, Сомалиде –  65%, Либерияда –76,9 %. Ал жетекші аграрлық державаларда бұл саланың үлесі 2% шамасында. АҚШ-та – 1,2 %, Германияда – 0,9 %, Нидерландыда –1,7 %. Яғни, бізден де аз. Сол себепті ЖІӨ-дегі үлес ауыл шаруашылығын дамыту үшін ұмтылатын көрсеткіш емес", - деді Мамытбеков.

Тағы оқыңыз: "Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады

Асылжан Мамытбеков 2011 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамырына дейін ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. Жер мәселесіне қатысты толқулардан кейін отставкаға кетті.

2018 жылдың басынан бері Қазақстанның ет одағын басқарады.

10325
Кілт сөздер:
Асылжан Мамытбеков, Дариға Назарбаева, ауыл шаруашылығы
Тақырып бойынша
Дариға Назарбаева: Халықтың тамағы тоқ болуы тиіс
Дариға Назарбаева банктердің неден қорқатынын айтып берді
Дариға Назарбаева сенат отырысын маңызды мәлімдемемен ашты
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
"Бұдан жағдай жақсармайды": Дариға Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды
Қазақстанның ұлттық валютасы

Назарбаевтың қорынан отбасыларға берілетін 50 мың теңге туралы ақпарат шықты

237
Елбасының бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңінде көмекке мұқтаж 80 мыңнан аса отбасы елу мың теңгеден алды.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Елбасының тапсырмасы бойынша #BizBirgemiz акциясының төртінші кезеңі аяқталды. Еліміздің ауылдық елді мекендерінде тағы 80 мыңнан астам мұқтаж отбасы 50 мың теңгеден алды", - деп жазды Байбек Instagram-да.

Осылайша Назарбаевтың бастамасымен "Birgemiz" қоры 550 мыңнан астам отбасыға біржолғы қаржылық қолдау көрсеткен. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл – 2 миллиондай қазақстандық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Сонымен қатар, Байбектің айтуынша, тұрмысы төмен 100 мың отбасыға 5 миллионнан астам маска тегін таратылды.

"Nur Otan" партиясы мен тұңғыш президент қоры желісі бойынша 300 мыңдай отбасы азық-түлік себетін алды. Бұл іске "Jas Otan" жастар қанатының 5 мыңнан астам волонтері атсалысты", -деді ол.

Тағы оқыңыз: Birgemiz қорынан өтінім бермей-ақ 50 мың теңге алуға болады – көмек кімдерге тиесілі

Бұдан бөлек, нұротандықтар Түркістан облысының су басқан ауылдарына мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті.

Шілде айында Достық ауылының тасқыннан зардап шеккен тұрғындары үшін салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталады.

237
Кілт сөздер:
отбасы, Назарбаев, ақша
Тақырып бойынша
"Birgemiz" қорына түскен ақшаны тарататындардың аты-жөні жарияланды
"Birgemiz" қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды
Ахмет Байтұрсыновтың 1926 жылы шыққан Әліп-биі

"Ол қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті": Әшімбаев Рәбиға Сыздықтың қазасы туралы

63
(Жаңартылды 15:16 04.07.2020)
Оның Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақ тілінің абыз анасы атанған, ұлылардың көзі болған ғалым, академик, филология ғылымдарының докторы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Рәбиға Сыздықтың қазасы – ұлтымыз үшін орны толмас қайғы, деп жазды парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Рәбиға Сәтіғалиқызы отандық ғылымның, соның ішінде қазақ тіл ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға екенін еске алған Әшімбаев оның ғұмыры ана тіліміздің тарихы, қалыптасуы мен дамуын терең зерделеуге арналғанын атап өтті.

"Соңында "Қазақ әдеби тілінің тарихы", "Сөздер сөйлейді", "Сөз құдіреті", "Абай шығармаларының тілі", "Абайдың сөз өрнегі" сияқты ұрпаққа өнеге болар өшпес мұра, іргелі еңбектер қалдырды", - деп жазды ол.

"Сонымен қатар, Рәбиға апай тіл білімін жан-жақты зерттеу арқылы ұлтымыздың тарихи, мәдени, танымдық кеңістігіне, ұлы тұлғалардың өнегелі ғұмырнамасына жаңаша үңілді. Ұлтымыздың біртуар ұлдарының есімдерін жаңғыртып, тарихи әділеттілік орнатуда қазақ қызына тән қайсарлығымен көзге түсті. Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынұлының тіл ғылымына сіңірген еңбегін ашық айтып, оның мол мұрасын жаңғыртуға талпыныс жасауы ерен ерлікпен тең болатын", - деген сенат спикері Рәбиға апайымыз бәріміз үшін ғылымға адалдықтың және ұлтқа аянбай қызмет етудің озық үлгісі бола білгенін атап өткен.

Оқи отырыңыз: Тоқаев майдангер әкесі туралы: Соғыс жайлы айтқысы келмейтін

"Сондықтан апамыздың қазақ руханиятына қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды және жарқын бейнесі мәңгі жадымызда сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазды Әшімбаев.

Айта кетейік, 4 шілде күні Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық 96 жасында дүниеден озғаны хабарланған болатын.

63
Кілт сөздер:
тіл, ана тілі, Мәулен Әшімбаев
Тақырып бойынша
Әшімбаев: Дүтбаевты ұстауға ҰҚК өз бетімен шешім қабылдай алмаған
Әшімбаев: ауыл жастарына ағылшын тілін үйрету үшін шетелден еріктілер тартамыз
"Мемлекеттің ресурсы шектеулі": Әшімбаев халыққа бос отырмай, жұмыс істеуге кеңес берді
Әшімбаев президент Атамбаевтың сөзі туралы: сыртқы саяси күштердің ықпалы жоқ
Тоқаевтың сенімді өкілі болған Әшімбаев туралы қызықты деректер