Қоғам

Тоғжанов мешіттерде намазды далада оқуға қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуМужчина во время намаза
Мужчина во время намаза  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда коронавирусқа байланысты мешіттерде намазды ашық аспан астында оқу ұсынылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов намазды далада оқу туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мешіттерге айтылған ұсыныс бойынша бас имамдардың өздері шешім қабылдауы керек. Ашығын айтқанда, Алланың алдында ниет қылу мешіттерде ғана емес, әрбір азамат өз үйінде де, ашық аспан астында да ниет қыла алады. Бұл әрбір азаматтың өз құқығы деп ойлаймыз. Дегенмен, адам көп жиналатын жерлерде бұл мәселені ескеруіміз керек. Оңтүстік Кореяда коронавирус осы діни орындардан таралғанын білеміз. Сондықтан мұны да ескеріп, азаматтарды сақтандыруға тиіспіз", деді Тоғжанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктерге мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда, әсіресе, оқу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сауда орталықтары мен базарларда эпидемияға қарсы іс шараларды күшейтуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 6  қаңтардан бері мемлекеттік шекарада бір миллионға жуық азамат тексерілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус анықталған жоқ.

Қытайдан тараған коронавирус

Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 80 026 адамға жетті, оның ішінде 2912-і көз жұмды, 44 462 адам емделіп шықты.

Коронавирус Қытайдан бөлек әлемнің 58 еліне тарап үлгерді. Бұл елдерде қаза болғандар саны 104 адамға дейін өсті. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7169 адамды құрап отыр.

Жаңалықтар
0